Қызылордада 40-қа жуық экспорттаушы кәсіпорындар жұмыс жасайды
«Мемлекет басшысы 2025 жылы жалпы ішкі өңірлік өнім көлемін 30 пайызға жеткізу керектігі туралы міндет жүктеді. Осы мақсатта Үкімет тарапынан өңірлерге қойылған арнайы тапсырмалар бар. Облыс алдағы бес жыл ішінде 5 триллион қаржы инвестиция тарту міндеті көзделді. Сондай -ақ, биыл өңірге 186 млрд.теңгеден аса инвестиция тартылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға артқанын білдіреді. Облыста өңдеу өнеркәсібі саласында 40-қа жуық экспорттаушы кәсіпорындар жұмыс жасайды. Осы жылы өңірімізге Литва Республикасының Елшілігі делегациясы, мамырда айында Өзбекстан Республикасының Бас консулы, қыркүйекте Корея Республикасының Бас консулының іс сапары ұйымдастырылған болатын. Сондай-ақ, Қызылорда қаласы және Франция Республикасының Ножан-сюр-Марн қаласы арасында бауырластық байланыстар орнату туралы келісімге қол қойылды. Бұл Қазақстан мен Франция арасында саяси және мәдени саласындағы ынтымақтастық пен тарихи байланыстардың айқын көрсеткіші. Алдағы уақытта экономикалық даму сипаты біздің өңірге ұқсас Корея Республикасының Чоллабук-до провинциясымен меморандум жасақтау көзделуде. Осындай іс шаралар шет мемлекеттермен өзара ынтымақтастың одан әрі нығаюына және сауда-экономикалық байланыстардың дамуына зор серпін беретіні сөзсіз», – деді Жанар Серікқызы.
https://kyzylorda-news.