Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Бұрын-соңды мұндайды көрмедік": Ғалымдар Құс жолы орталығынан тараған құпия белгіні анықтады

"Бұрын-соңды мұндайды көрмедік": Ғалымдар Құс жолы орталығынан тараған құпия белгіні анықтады

Зерттеушілердің халықаралық тобы Құс жолы орталығынан тараған белгісіз белгіні анықтады. Бұл бұрыннан белгілі радиосәулешығару көздеріне ұқсамайды. Ғалымдар мұны жұлдыз объектілерінің жаңа класы болуы мүмкін дейді. Өз ашылулары жайлы The Astrophysical Journal басылымында жарияланған мақалада жазған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Белгіні Батыс Аустралияда орналасқан ASKAP CSIRO радиотелескопы арқылы анықтаған. Белгі бір уақытта 100 есеге күшейіп не болмаса бірден әлсіреп, жоғалып кетіп отырған. 
Соңғы тоғыз айда бұл белгі алты рет байқалған, дегенмен оның орналасқан орнын анықтау мүмкін болмай отыр. Ал ASKAP телескопы оның координаталарын J173608.2-321635 деп көрсеткен.
Анықталған белгінің ерекшелігі – поляризация деңгейінің жоғары әрі шеңбер түрінде болуы. Бұл электр өрісі векторының бір бағытта қозғалатынын және арасында бұрылатынын көрсетеді. Сонымен қатар белгі қарқының өзгерісі де ғалымдарды таңдандырған. 
“Бұрын-соңды мұндайды көрмедік", - деп мәлімдеді зерттеу авторы, Сидней университетінің ғалымы Цзитенг Ван.
Ғалымдар белгісіз объектті жарық деңгейі әлсіз, массасы аз жұлдыз болуы мүмкін дейді. Дегенмен радиотелескоп арқылы алынған деректер объектті толық сипаттамайды. Сондықтан белгісіз объектті бақылау әлі де жалғаспақ.
 

https://stan.kz​​​
15 қазан 2021 ж. 655 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 (9364)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031