Тыйым салынды: "окей" белгісі нәсілшілдік деп танылды
Американдық еврейлердің үкіметтік емес "диффамацияға қарсы" лигасы "окей" мағынасын беретін белгіні (бас бармақ пен сұқ саусақтың дөңгеленуі) жеккөрушілік тудыратын және «ақ нәсілдің басымдылығын» білдіретін белгіге ұқсайтын символ деп таныды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CBS News басылымын сілтеп хабарлайды
"Құқық қорғау органдары мен жұртшылық бұл белгінің мағынасы туралы толық ақпаратты білуі керек деп санаймыз. Бұл қоғамда немесе мектепте жек көрушілердің болуы туралы алғашқы ескерту белгісі бола алады", - дейді ұйым жетекшілерінің бірі.
Мамыр айында Эстонияның консервативті халықтық партиясының (EKRE) жетекшілері Марта мен Мартин Хельме осы нәсілшіл белгіні қолданғаны үшін істі болған еді.
Кемсітушілікті білдіретін белгі Американдық оң-солдықтың «ақ күш» дегенді білдіретін онлайн-қозғалысында пайда болған. Басында ол мем ретінде болғанмен, кейіннен оның кең таралуы қарсыластардың өткір реакциясын тудырған. Ертерек бұл белгі сот барысы кезінде анықталғандай күдіктінің Жаңа Зеландияның Христчурч қаласындағы мешіттерде ату ісіне қатысты көрсеткені атап өтілген.