Ихсан – рухани тәрбие негізі

Кітап үш тараудан тұрады. Біріншісі – Жаратушы Аллаға Ихсан. Мұнда тәрбиелік бағытта Алланы тану, ықылас, ниет, сабырлық, шүкіршілік, тәубе, қиямет-қайым, жәннат, Жаратушы Аллаға, Құранға, Пайғамбарға махаббат, т.б. тақырыптар қамтылып, адамзатқа үлкен ой салады. Екіншісі – Тұлғалық Ихсан. Бұл тарауда нәпсі тәрбиесі, рух тазалығы, тіл тазалығы, өмірдің қадірі жөнінде сөз болады. Үшіншісі – Ихсан және қоғам деп аталады. Онда адамдардың ақысы, қарым-қатынас әдебі, еңбек ету, жаман әдеттерден сақтану деген тақырыптар адамды рухани тәрбиеге иландырмай қоймайды. Кітапты оқи отырып, жүрегінде иманы, ар-ұяты бар мұсылман ешқашан өзге жандарға тілімен де, ісімен де зиян тигізбейтіндігіне, бұл дүниеде жасаған жақсы-жаман іс-қимылына ақыретте жауап беретіндігіне, жасаған жақсылығының бақытқа, ал жамандығынан өзі зиян шегетіндігіне көзіміз жетеді.
Қысқа қайырғанда, Ихсан ілімі көркем мінез бен адамға тән күллі әдептілікті қалыптастырып, дүниесі мен ақыретін қатар ала жүріп, еш өкінбейтін Хақ жолдың аясында өзін әдебімен, имандылығымен тәрбиелейді. Ихсан – пенденің иманын бекемдеп, құлшылыққа деген құлшынысын арттыратын адамгершілікке тән игі қасиеттерді кемелдендіре түсетін, адамның ішкі жан-дүниесін тәрбиелейтін рухани ілім. Сонымен рухани тәрбие негізі болып табылатын Ихсан ілімі кітап оқырман қауымға жол тартты. Халқымызға Алланың нұры жаусын.
Өркен ИСМАИЛ,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы