Дала аруы
«Төзіміңді берсе сенің темірге, Түгі кетпес темірдің де көмірге» деп басталатын Қадыр Мырза Әлидің қазақ әйелдері туралы өлеңін оқыған сайын, аудандағы 41 Еңбек Ерінің арасында шоқтығы биік тұратын 5 әйел-ананың болмысы көз алдымызға келеді де тұрады. Олар даңқты күрішші Ыбырай Жақаевтың шәкірттері, 13 сәбиді дүниеге әкелген «Батыр ана» – Ұлбала Алтайбаева мен «Дала аруы» атанған еліміздің күріш өсірушілері арасында жаңашыл, мол өнім жинаудың шебері ретінде мәлім – Заһира Ержанова, ғасырға жуық ғұмыр кешіп, бар өмірін еңбекке арнаған, ер азаматтармен бірге трактор айдап, күріш еккен әйгілі Шырынкүл Қазанбаева, қой өсірудің шебері, майданға аттанған ерінің орнына қойшының таяғын ұстаған – Айша Меңлібаева, алқапта жүріп аяғынан айырылса да мойымай, трактор тізгінінен түспеген, қаһарман қыз – Жадыра Таспанбетова.
Өмірде алдына ұлы мақсаттар қойып, сол биікті бағындыра алған болмысы дара адамдар болады. Қайсарлығы мен табандылығының, өр рухының арқасында көздеген белестерін еңсереді. Үмітін үкілеген жаңа буынға үлгі өнегесімен жақсы істерін паш етіп, бақытын сол еңбектен табады. Біздің өлкемізде есімі ерен еңбегімен елге жайылған әйелдер көп. Ауыл шаруашылығының небір жауапты салаларында бойларындағы күш-қайратын Отан игілігіне жұмсап, жыл өткен сайын Сыр бойының қыз-келіншектері қатарынан озаттар шығып отырды. Әр шаруашылықтың танаптарында тынбай күріш, жүгері, бидай еккен болмысы нәзік жандардың қатарында Заһира Ержанова да бар. Даңқты диқан Ы.Жақаевтың жанында жүріп, күріш егудің қыр-сырын меңгерген оны «Даланың аруы» деп атауы бекер емес. Заһира Ержанова еліміздің күріш өсірушілері арасында жаңашыл, мол өнім жинаудың шебері ретінде мәлім. Бұл жұмыста шыққан биігі, алған асуы да аз емес, ақкүрішті өсірудің нағыз шебері болды. Заһира Ержанова он жыл қатарынан атақты күріш өсіруші Ыбырай Жақаевтың звеносында істеді. Оны күріш өсіру жөнінде Жақаевтық мектептің ғылыми курсын бітірді деуге болады.

Ол туралы диқан «мен Заһираның өткен кездегі еңбегін баяндап жатпай-ақ, осы жылғы көктемді сөз еткім келеді. Көктем әрі жауынды,әрі дауылды болды. Су жылымай тұқым себуге болмайтыны бесенеден белгілі. Жауын күрішшілердің қолын біраз байлады. Оны бола бергенде дауыл тұрды. Шаң ұйытқып тұрғанда механизммен жөнді атыз соғылама? Борпылдақ топырақты атыздарды судағы толқындар тез шайып, бұзып кетіп, әбден әуреге салды.Заһира сонда да болса күріш егісін дер кезінде аяқтады» деп жазған екен.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ