Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Екатерина Айдова Олимпиадаға дайындығы туралы айтты

Екатерина Айдова Олимпиадаға дайындығы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандық конькишілер елордада жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Алау мұз сарайында дайындығын шыңдап жүрген ұлттық құрама көшбасшысы Екатерина Айдова жиынның қалай өтіп жатқанын айтты. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады. 

Бұл менің спорт карьерамдағы төртінші олимпиадалық кезең. Әрине, Олимпиада қарсаңында жауапкершілік жүгі өте ауыр, - дейді ол.Өздеріңіз білетіндей, Нидерланды әлем бойынша коньки спортынан бірінші орында тұр. Осындай елде дайындығымызды пысықтап, шеберлігімізді шыңдауға мүмкіндік туғанына шын қуаныштымыз. Жазғы маусымға жоспарлаған жоспарымыз, тапсырмалар 100 пайызға толық орындалды десек болады. Қазір жабық кешенде мұзда дайындыққа кірістік. Әлем кубогі кезеңдерінің нәтижесі бойынша Олимпиадаға қандай дистанцияға қанша жолдама алғанымыз белгілі болады, - дейді Екатерина Айдова.
Оның мәлімдеуінше, жазғы жаттығу жиындары Нидерландыда өткен.Айта кетейік, конькишілер жаттығуы 17 қазанға дейін жалғасады.
09 қазан 2021 ж. 515 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№19 (9386)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031