Бейнет түбі зейнет
«Жүйесін тауып жұмыс қыл, жерін тауып тыныс қыл» деген ертеден келе жатқан аталы сөз бар. Сол айтқандай, 1958 жылға дейін Сыр бойына күріш дақылы әбден сіңісіп, жаста, кәрі де күріш егуге шындап бой ұра бастаған еді. Осы күріш дақылын агротехникалық білім ережелерге сүйене отырып, күріш өсіріп, күрішші Ким Ман Сам, Маман Қалдыбаев, Дәуішева ер адамдар сияқты маманданған дихандар өсіп шықты. Шалғын шөп жауыннан кейін қалай дүр етсе, Сыр бойында күріш өсіруге талпынған дихандар дәл солай көбейді.
Диханшылыққа талпынушыларды көріп, өзімнен өзім қуанып, шүкіршілік етуші едім. Күріш еңбекті көп тілейтін, механизация ырқына оңайлықпен көндіге бермейтін қиын дақыл екенін ылғи айтып келемін. Алайда, адамды еңбекке баулу жөнінде осы күріш атқаратын үлкен қызмет бар. Күріш – ұшқалақ, жаңғалақ, жан сауғалаған жалқауды панасына алмайтын, қайта оларды ел алдында әшкерелеп беретін мейірімсіз дақыл. Күрішші болған адам ең алдымен еңбекпен ширайды. Бейнеті ауыр дақылдың бар тауқыметін тарта жүріп, күрішші өмірден үйренеді. Нан оңайлықпен, өз-өзінен келмейтінін тәжірибеден көреді. Астық үшін күрестің қызығына түсіп, оған қоян-қолтық араласып кеткен адам, ол күрестен қалыс қалса, өмірден шеттеп қалғандай сезініп, ол тек ілгері талпынады, жеңіске жетткенше асығады. Адамды еңбекке баулу жөнінде күріш атқаратын қызмет міне осындай.

Мен күрішті осы бір ерекше қасиеті үшін ұнатамын. Күріш дақылының неғұрлым көп егіліп, оны өсірушілер санының ұлғая беруін қалайтыным сондықтан.
Сырдарияның сол жағындағы қалған дария арнасымен Қызылқұм ішіне су барды. Күріш жерін жылда жаңартып, топырақтың құнарын кемітуді үзілді- кесілді жою мақсатымен күріш жерін тегістеу, оны химия күшімен тыңайтып, егістікті тұрақтандыру ісі қолға алына бастады. Егіс көлемі қайтадан өсті.
Күріш өсіруге осылайша көңіл бөлінген соң күрішшілердің мерейі қалай өспесін. Олар бұл іске құлшына кірісті. Егін өсіруге механизация күшін көп пайдаланатын болды. Соның арқасында өнім де көбейді. Бұрын аудан бойынша күріштің әр гектарынан 18-19 центнер өнім алынушы еді, ал 1964 жылы 26-27 центнерден өнім келтірген звеноводтар саны жүзге жуықтады. Партия мен үкімет шындап қолдаған соң міне қандай өзгерістер болды.
Мол өнімнің сыры жайлы бұдан да басқа әр қилы қағидалар айтуға болады. Бірақ солардың бәрін қортындылай келіп, былай дер едім: еңбек, еңбек және еңбек.
Ыбырай атамыз еңбектің түбі зейнет екенін осылайша бір ауыз сөзбен жеткізді.
Аягөз Жахаева