Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев белгілі актер Досхан Жолжақсыновты марапаттады

Тоқаев белгілі актер Досхан Жолжақсыновты марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал актер, кинорежиссер Досхан Жолжақсыновты “Отан” орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Ұлттық мәдениетті, кинематографияны және театр өнерін дамытуға қосқан айрықша еңбегі үшін Досхан Қалиұлы Жолжақсынов "Отан" орденімен наградталсын", - делінген президент жарлығында.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 
Досхан Жолжақсынов 1951 жылы 7 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында туған. Актер әрі кинорежиссер бүгін 70 жасқа толып отыр. 
Ол Қазақстанның халық әртісі (1995 жыл), Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының екі мәрте иегері (1996 жыл, 2016 жыл) және Қырғыз Қырғыз Республикасының Еңбек сіңірген артисі (1996 жыл).
Режиссер ретінде "Біржан сал", "Құнанбай" фильмдерінің шығуына еңбек етті.
Айта кетері, Алматы күні қарсаңында Досхан Жолжақсыновқа "Алматының құрметті азаматы" атағы берілді.


https://stan.kz
07 қазан 2021 ж. 257 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930