Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ішкі бағыттардағы пойыз билеттері электронды жолмен ғана сатылмақ

Қазақстанда ішкі бағыттардағы пойыз билеттері электронды жолмен ғана сатылмақ


2020 жылға қарай Қазақстанда ішкі бағыттарға арналған темір жол көліктері билеттерін электронды сатып алуға көшу жоспарланып отыр. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ақпараттық технологиялар бойынша вице-президенті Арман Нұрышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Электронды билеттерді сатуға арналған екі сайт әзірленді, одан бөлек мобильді қосымшалар шығарылып, вокзалдарда өзіне-өзі қызмет көрсететін арнайы терминалдар орнатылды. Сыртқы сайттарға да қолжетімділік беріп, пойыздарда қанша бос орын қалғанын ашық көрсетіп отырмыз. Сондай-ақ, сатып алушыларға арналған күту парағы, пойыздардың рейтингін жасау қызметтері де бар. 2020 жылға қарай компания билеттердің 90 проценттік электронды сатылымына көшуді жоспарлап отыр. 10% ғана мемлекетаралық бағыттарда қағаз билетті рәсімдеу үшін сақталады», - деді Арман Нұрышев Астанада өткен брифингте.
Бұған дейін "Тұлпар-Тальго" пойыздарына билетті ерте сатып алған жағдайда 20-25%-ке дейін жеңілдіктер берілетіні хабарланған еді.
Сондай-ақ, 2020-2022 жылдары Қазақстанның барлық пойыздарын Wi-Fi қызметімен қамту жоспарлануда.
02 сәуір 2018 ж. 841 0