Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістан облысында келесі жылы бетондалған жаңа каналдар пайдалануға беріледі

Түркістан облысында келесі жылы бетондалған жаңа каналдар пайдалануға беріледі

Түркістан облысында «Үлкен Келес» магистралды каналы арқылы суландыратын «Р-3» каналының құрылысы биыл аяқталады. Жоспар бойынша келесі жылы пайдалануға беріледі. Бұл туралы «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры Мерлан Керімжанов хабарлады. Қайта жөндеуден өткен канал арналары бетондалған. Нәтижесінде 5590 га егістік алқабын суару мүмкіндігі туып, ағын су шығынын азайтады. Сондай-ақ канал бойындағы су реттегіш гидротехникалық құрылғылары күрделі жөндеуден өткізілді. Филиал директоры тағы бірнешеуі жаңадан салынғанын да атап өтті. Және 2022 жылы күтілетін өзгерістермен бөлісті. «2022 жылы Отырар ауданында «Шәуілдір үстеме каналын реконструкциялау» және «Ішкі коллекторлық дренаж жүйелерін реконструкциялау» жобалары іске қосылмақ. «Жоба аясында 30,4 шақырым канал бетонмен қапталып, 417 шақырым коллектор дренаж жүйелері механикалық тазалаудан өткізіледі. Нәтижесінде «Д.Алтынбеков», «Көкмардан» каналдары бойындағы 12 мың га жерді сумен қамтамасыз етілуі жақсарып, жаңадан 7 мың га суармалы жерлер айналымға қосылатын болады»- деді Мерлан Керімжанов. Айта кетсек, «Қазсушар» РМК Түркістан филиалына қарасты 315 мың га суармалы жер бар. Бүгінде вегетациялық маусым сәтті аяқталды. «Қазгидромет» РМК консультативтік болжамына сәйкес биыл өңірді сумен қамтамасыз ету шамамен 70%-ды құрады. Су деңгейі тәулік бойы бақылауға алынып, арнайы мамандардан құрылған комиссия су тапшылығы байқалған аймақтарда судың тең бөлінуін қадағалады.

https://24.kz​​​
04 қазан 2021 ж. 518 0