Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Диетолог алманы кімдерге көп жеуге болмайтынын айтты

Диетолог алманы кімдерге көп жеуге болмайтынын айтты

Диетолог дәрігер Елена Соломатина алманы кімдерге көп жеуге болмайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі RT порталына сілтеме жасап. 

Маманның айтуынша, жаңа піскен алманың құрамында көптеген органикалық қышқыл бар, олар метаболизмді тездетеді.
“Қышқылдар бір жағынан пайдалы болса, екінші жағынан қышқылдығы жоғары адамдарда жағымсыз сезім тудыруы мүмкін. Әсіресе қышқыл алманы аш қарынға жегенде кері әсері болады", – дейді маман.
Асқазан-ішек жолдары зақымданған адамдар алманы сақтықпен жеу керек. Ал кейбіріне мүлдем жеуге болмайды немесе тек пісіріп қана пайдалану керек. 
Соломатинаның айтуынша, алма – төмен калориялы және пайдалы өнім. Алайда қант диабетімен ауыратындар өте тәтті алманы сақтықпен жеу керек. Мұндай алманың құрамында сахароза бар.
Маман алманың пайдалы жеміс екенін, оның құрамында дәрумендер, полифенолдар, биофлавоноидтар, сондай-ақ қан тамырларын нығайтатын және қабынуды басатын кверцетин бар екенін айтады. 
"Алмада жасұнық, еритін пектин де бар. Ол метаболизм процесінде түзілетін артық холестеринді, уыттарды (токсиндерді), эндотоксиндерді шығарады", – деді диетолог.


https://stan.kz​​​
04 қазан 2021 ж. 326 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9327)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (9326)

11 тамыз 2025 ж.

№58 (9325)

05 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031