Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кембридж университетінде «Ұлы дала алтыны» көрмесі ашылды

Кембридж университетінде «Ұлы дала алтыны» көрмесі ашылды

Кембридж университетінің Фицуильям мұражайында «Ұлы дала алтыны» көрмесі ашылды. Оған Шығыс Қазақстан облысындағы ежелгі сақ қорғандарынан табылған алтын артефактілер қойылды, деп жазады Egemen.kz.
Бұл біздің дәуірімізге дейінгі VIII-III ғасырларда Орталық Азияда, атап айтқанда Қазақстанның Алтай тау жүйесінде үстемдік еткен скиф өркениетінің жәдігерлері, сақ қорғандарынан табылған құнды дүниелер. Көрмеде Берел, Шілікті және Елеке Сазы сияқты үш түрлі қорымнан шыққан жүзге жуық археологиялық олжалар қойылған. Экспозиция ежелгі сақтардың көшпелі мал шаруашылығы, тау-кен өндірісі және металлургия салаларында бірегей мәдениеті мен терең білімі болғанын көрсетеді. Бұл кезеңді ежелгі қазақтар тарихындағы «алтын ғасыр» деп те атайды. Ең бағалы экспонаттардың бірі – киімдері 15 000 алтын заттан тұратын «Алтын адам».

Бірегей алтын артефактілердің еуропалық аудиторияға бұл алғаш рет ұсынылуы. Оларды британиялық бұқаралық ақпарат құралдары халықаралық археологиялық сенсация деп атап, шара туралы жарыса жазып, таспаға түсіріп жатыр. Көрмеге кіру тегін. Экспозиция Фицуильям мұражайында келер жылдың 30 қаңтарына дейін өтеді.


https://egemen.kz​​​



28 қыркүйек 2021 ж. 284 0