Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Алтын адамның» зергерлік бұйымдары Татарстанда көрмеге қойылады

«Алтын адамның» зергерлік бұйымдары Татарстанда көрмеге қойылады

15 наурызда Татарстан Республикасында «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Шара халықаралық «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» жобасы аясында 2019 жылғы 15 наурыз-15 сәуір аралығында өтеді.Көрменің мақсаты - Қазақстанның тарихи-мәдени бай мұрасымен шетелдік көрерменді таныстыру. Көрмеге Қазақстан Республикасының символы саналатын «Алтын адам» қойылады. 1960-жылдардың соңы мен 1970-жылдардың басында Алматының маңайында танымал археолог Кемал Ақышев зерттеп жүрген Есік қорғанынан артынан Қазақстанның символына айналған сақ патшасы - «Алтын адамның» сүйегі табылған археологиялық сенсация орын алды. Баға жерпес олжаға «Қазақ Тутанхамоны» деген ат беріліп, ғасыр жаңалығы деп танылды. Ежелгі дала билеушісінің тәжісіндегі қанатты алтын пырақ әшекейлері Қазақстан Республикасы елтаңбасының бөлшегіне айналды, ал Алтын адамның мүсіні Алматыдағы Тәуелсіздік алаңына орнатылды.
Жарты ғасырға жуық уақыт өткеннен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі халықаралық «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» саяхатын жариялады. Ауқымды жоба шеңберінде Белорусь, Ресей, Әзербайжан, Қытай, Польша және Оңтүстік Корея музейлерінде көрмелер үлкен жетістікпен өтті. Көрме 2019 жылдың соңына дейін жер шарының алты еліне баратын болады.
Мемлекеттік «Қазан Кремлі» қорық-музейіндегі көрмеден киімі алтын жапсырмалы және жебе, қар барысы, арқар, жылқы және құс түріндегі алтын тілімшелер әшекейлеп тұрған конус пішінді ерекше бас киімді Алтын адамның реконструкциясын және осы жас ақ сүйек сақ жауынгерімен (археологтардың пікірлері бойынша 17-18 жастар шамасында) бірге жерленген ерте темір ғасырының (б.д.д V-IV ғғ.) археологиялық олжаларының коллекциясын тамашалауға болады.
Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қорларынан барлығы 127 зат ұсынылады. Көрмеге ұсынылатын Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық өнерінің жауһарлары - бұл Еуразия дала мәдениеті мұрасының өзіндік ерекшелігін көрсететін бұрынғының атаусыз шеберлері туындыларының аз ғана бөлігі.



11 наурыз 2019 ж. 1 247 0