Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елордада қар жауады

Елордада қар жауады

«Қазгидромет» РМК хабарлағандай, еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп жазады Egemen.kz.

«Нұр-Сұлтан қаласында жауын-шашын күтіледі (жаңбыр қарға ауысады). Шығыстан жел соғып, оның екпіні 15-20 м/с жетеді.
27 қыркүйекте Маңғыстау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде және батысында шаңды дауыл соғады. Батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20, таулы аудандарда екпіні 25 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шымкент қаласында батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығыстан жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Қарағанды облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде және орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі», деп жазады синоптиктер.

​https://egemen.kz​​​
26 қыркүйек 2021 ж. 624 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30