Талдықорғанда газбен жүретін жаңа автобустар қолданысқа берілді
Талдықорғанда қала күніне орай газбен жүретін 32 жаңа қоғамдық көлік жолға шықты.
Бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, облыс орталығының Талдықорғанға қоныс аударуының 20 жылдығы аясында айтулы оқиға өтті.Көлік қолжетімділігін арттыру мақсатында қалада автобус паркі жаңартылды.«Жетісу» ӘКК арқылы жалпы сомасы 2,3 млрд теңгеден асатын газбен жүретін 55 экологиялық автобус сатып алынады, олар тасымалдаушыларға 7 жылға лизингке беріледі (жылдық 4% - бен). Оның 32-сі бүгін қала тұрғындарына пайдалануға берілді.
Мереке қарсаңында орталық алаңда облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен «Ютонг» маркалы 32 жаңа автобустың алғашқы партиясын тапсыру салтанаты өтті. Қалған 23 автобус жыл соңына дейін Талдықорған көшелерімен жүреді.
Бірнеше күн бойы жаңа автобустар қалалық бағыттар бойынша сыналды. Жалпы, олар барлық заманауи талаптарға жауап береді. Олардың кейбіреулері – 10 метр, басқалары-8,5 метр, жалпы жолаушылар сыйымдылығы 55-тен 67 орынға дейін. Онда бейнебақылау, кондиционерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды отырғызу-түсіру үшін қайырмалы платформалар көзделген. Сондай-ақ, электронды билеттеу жүйесі орнатылған. Жалпы алғанда, автобустардың іші кең, оларда мүгедектер арбасына арналған орындар көп. Алғашқы автобустар жолаушылар ағыны ең көп маршруттарға жіберіледі. Ал олардың қаншалықты жайлы және ыңғайлы екенін талдықорғандықтар бағалай алады, - деді Амандық Баталов. Сондай-ақ, аймақ басшысы автожолдарды жөндеу және қалалық инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғасатынын айтты.
Сатып алынған автобустарға жанармай құю үшін қалада автомобильдік газ толтыру компрессорлық станциясы салынды және іске қосылды. Бұл ретте жаңа автобустарда жүру тарифі өзгеріссіз қалады.
https://baq.kz