Алматыда бір тәулікте 6 мыңнан астам адам вакцина алды

«21 қыркүйек күні 6 323 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 2 417, II компонентін 3 906 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 21 қыркүйек аралығында қалада 933 678 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 827 239 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 117 036 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан. Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар. «Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
https://www.inform.kz