Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сүйікті асыңнан бас тартпастан қалай арықтауға болады

Сүйікті асыңнан бас тартпастан қалай арықтауға болады

Ғалымдар бұл ережені ұстанатындардың барлығы салмақ тастайтынын анықтады.  Ұлыбританиялық Суррей университетінің зерттеушілер тобы салмақ тастаудың қарапайым әрі тиімді әдісін атады.
"90 минут әдісі" калория санап, сүйікті тағамынан бас тартқысы келмейтіндерге өте ыңғайлы. Ол үшін таңғы асты әдеттегіден бір жарым сағат кеш, ал кешкі асты бір жарым сағат ерте ішу керек, деп жазды Lenta.ru.
Ғалымдар бұл ереже барлық адамға арықтауға көмектесетінін анықтады. Сонымен қатар арнайы диета ұстаудың немесе калория санаудың қажеті жоқ.
Зерттеушілер қатысушылардан он апта бойы белгілі бір уақытта тамақтануды сұрады, содан кейін оларды екі топқа бөлді. Бірінші топ 90 минут әдісімен тамақтану уақытын өзгертті, ал екінші топ әдеттегідей тамақтануды жалғастырды.  
Бірінші топтағы адамдар тағам таңдауда ешқандай шектеу болмағанына қарамастан, екі есе тез арықтап, қарапайым режимді ұстанғандарға қарағанда аз жегені анықталды.
Бұл әдіс тәбетті төмендетуге және кешкі тіскебасар тағамдардың санын азайтуға көмектесті. Оны күнделікті өмірде қолданудың еш қиындығы жоқ, дейді мамандар.

https://sputnik.kz​​​
21 қыркүйек 2021 ж. 301 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (9387)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (9386)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031