Нұр-Сұлтанда 15 мың шақырымнан астам инженерлік желі цифрландырылды
Елорданы цифрландыру жобасы қаланы тиімді дамытуға, жүйелі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. 14-15 қыркүйекте Мәскеуде Mobile 360 форумы өтті, онда қатысушылар өңірлердің ең өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ жаңа технологиялар мен цифрлық тұрақтылыққа байланысты дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашты, деп жазады Egemen.kz.
Еуразия сарапшыларымен кездесуде елордалық Цифрландыру басқармасының басшысы Ботагөз Қасабек шақырылған спикер ретінде сөз сөйлеп, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің геоақпараттық орталығын таныстырды. Жобаны әлемдік қоғамдастық пен форумға қатысушылар – Мәскеу қаласының ақпараттық технологиялар департаменті, Беларусьтің цифрландыру министрлігі, МТС, Beeline, Yandex және Ростелеком компаниялары ерекше атап өтті.
Форумның негізгі тақырыптары: нақты шындықтағы инновациялар, адам мен технологияның өзара іс-қимылының жаңа дәуірі, ақылды қалалардың болашағы және тұрақты коммуникациялар. Іс-шара цифрлық құралдарды пайдалану арқылы азаматтар, өңір және қалалар үшін қолайлы жағдайлар жасауға арналды. Іс-шараны бүкіл әлемдегі ұялы байланыс операторларының мүдделерін білдіретін GSM Дүниежүзілік қауымдастығы (GSMA) ұйымдастырды.
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының геоақпараттық орталығы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасында және Нұр-Сұлтан қаласының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау басқармасында пилоттық режимде пайдаланылуда. Осылайша, 2D-3D технологиялары инженерлік желілерге түсетін жүктемелерді көрнекі түрде көрсетеді. Жаңа технология ғимараттардың зияткерлік жобаларын жасауға, құрылыстарды салу мен пайдалануды бақылауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ ғимараттардың цифрлық (ақпараттық) моделін жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта 15 мың шақырымнан астам инженерлік желі цифрландырылды. Барлық нысанды интеграциялау нәтижесінде қаланың ең тиімді логистикасын құру және елорданың басқа да міндеттерін шешу мүмкіндігі пайда болды.
https://egemen.kz