Өзбекстанда құрамында ковидке қарсы вакцина бар қызанақ өсіріледі

"Бұл қызанақтың жасушалары асқазанда ыдырап, антиген түзеді", - дейді ғалымдардың бірі.
"Біз Өзбекстанда табылған коронавирусты алып, оның бір бөлігін клондап, өсімдік жасушасына енгіздік. Біз өсімдік жасушасынан вакцина шығарылғанын тексердік және анықтадық", - дейді бейнеде.
Қызанақтың алғашқы жемістері екі айдың ішінде піседі.
Азық-түлік негізіндегі вакциналар Канада мен Ресейде де жасалып жатыр. Өзбекстан ғалымдары антигендері бар сүт алу үшін сиырға вакцина егуді жоспарлап отыр. Бұл коронавируспен күресте қаншалықты тиімді екені әлі белгісіз.
https://massaget.kz