Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйел адамдарға гүл сыйлау қалай пайда болды?

Әйел адамдарға гүл сыйлау қалай пайда болды?

Атаулы мереке сайын ерлердің әйел адамдарға гүл сыйлайтыны белгілі. Бір құшақ гүл нәзік жандыларды қуанышқа бөлейді. Бұл дәстүр қайдан шықты? Нақты жауап жоқ, алайда бірнеше нұсқа бар.
Әйелдер гүлдер тілінде сөйлесті
Сөйлеу және жүзін көрсету құқығынан айырылған Шығыстың әйелдері бірде-бір сөзі жоқ тіл ойлап табады. Олар ішкі сезімдері мен көңіл-күйлерін дәл осы гүлдердің көмегімен жеткізуді үйренеді. Гүл – үнсіз әңгімелердің символына айналады. Кейінірек бұл дәстүр Еуропада кеңінен тарап, танымалдылықтың шыңына жетті. Гүл шоқтарының көмегімен адамдар айтуға батылы бармаған: біреуге деген сүйіспеншілігін, ішінде жатқан ойлары мен тілектерін жеткізіп жүрді. Уақыт өте арнайы хабарламасы бар гүл шоқтарын дайындайтын «флористер» пайда болды. Қазір бұл тіл танымалдылығын жоғалтты. Десе де гүл шоқтарын жасайтын кейбір ережелер әлі күнге дейін қолданылады.
Адам ата мен Хауа ана
Жұмақ тұрғындары Адам ата мен Хауа ана таңғажайып гүлдер өсетін бақта өмір сүреді. Құдай күнә жасағаны үшін Адам атаны жазалаймын деген оймен бақты қиратады, өсімдіктер өліп қалады. Ал Адам ата мен Хауа ана жазаланып, Жерге жіберіледі. Хауа ана жұмақтағы сәттерін аңсап, гүлдердің иісін сағынады. Ол кезде жер беті теп-тегіс шөл дала еді. Адам ата әйелінің қиналғанын көріп, оған жұмақты есіне түсіретін бір шоқ гүл сыйлағысы келеді. Ол гүлді іздейді, бірақ таппайды. Содан соң үмітін үзген Адам ата тізерлеп отырып жылайды. Нәтижесінде ер адамның көз жасы аққан жерден әдемі гүл шоқтары өсіп шығады. Қуаныштан басы айналған ол гүлдерді теріп алып, әйеліне сыйлайды. Содан бері әйел адамдарға гүл шоқтарын беру дәстүрге айналған.
Мұнда бұл дәстүрдің шығуына қатысты барлық нұсқаны қарастырмадық. Маңыздылары – осы. Алайда бұл гүл сыйлау дәстүрінің шығу тарихы дәл осылай болды деген сөз емес. Бұл дәстүр барлық елде кең таралған. Мүмкін гүл беру – ер адамдардың әйелдерге деген құрметі шығар.
29 тамыз 2021 ж. 512 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930