"Лимон қосылған ыстық сусын коронавирусты және онкологиялық ауруларды емдейді": Ақпарат қызу талқыға түсті
Әлеуметтік желі қолданушылары лимонның емдік қасиеті туралы хабарлама таратуда. Цитрус жемісті ыстық суға қосқанда коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмекті алмастыра алады және обыр жасушаларын өлтіреді деген ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Лимонмен коронавирусты емдеу туралы хабарлама 2019 жылдан бері әлем бойынша әлеуметтік желілерде тарауда. Оның авторлары Бейжің әскери ауруханасының бас директоры Чен Хоринге сүйенеді, ол лимонның үштен бір бөлігін ыстық суға қосып, күнде ішуге кеңес берді. Бұл сусын вирусқа қарсы дәрі-дәрмекті алмастыруы керек. Бұл жалған мәлімдеме.Зерттеуші Чен Хорин туралы көпшілікке қол жетімді ақпарат жоқ. С дәруменінің коронавирусқа қарсы әсерін растайтын да зерттеулер жоқ.
"Лимонның COVID-19 жұқтыруға жол бермейтініне ғылыми дәлелдер жоқ. Алайда, жалпы алғанда, ДДҰ дұрыс тамақтанудың бір бөлігі ретінде жеміс пен көкөністі жеткілікті мөлшерде жеуді ұсынады", – делінген дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтында.
Лимон суы обыр жасушаларын жоюға көмектеседі деген пікір де дұрыс емес.
Лимон мен басқа да цитрус жемістің құрамында қатерлі ісікке қарсы қасиеттерге ие табиғи заттар – модификацияланған цитрус пектині мен лимоноидтар бар екендігі туралы зерттеулер бар. Бірақ олар адамдарда тексерілмеген. Сондықтан олардың тиімділігі туралы қорытынды жасау мүмкін емес.
Дәрігерлер лимонның құрамындағы қосылыстардың кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының алдын алуда пайдалы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Алайда бұл заттар ағзаның қатерлі ісікпен күресу қабілетін арттырады, бірақ обыр жасушаларын өлтірмейді.https://stan.kz