Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі тағайындалды

ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі тағайындалды


ҚР Үкіметінің қаулысымен Дарын Шылбыұлы Тұяқов ақпарат және коммуникациялар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дарын Тұяқов 1969 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. 1990 жылы Ю.В.Андропов атындағы Ленинград жоғары әскери-саяси ӘҚҚ училищесін, 1997 жылы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды, 2007 жылы — Халықаралық бизнес академиясын, 2014 жылы — РФ Президенті жанындағы РХШМҚА тәмамдаған. Мамандығы бойынша — заңгер-құқықтанушы.
Еңбек жолын 1990 жылы ӘҚҚ радиотехникалық күштерінің жеке радиолокациялық ротасы командирінің орынбасары болып бастаған.
Қорғаныс министрлігінде, Әділет министрлігінде, Алматыда коммерциялық құрылымдарда, «Қазақтелеком» АҚ-да жұмыс істеген.
Тағайындалғанға дейін «Қазақтелеком» АҚ бас директоры — аппарат басшысы лауазымын атқарған. «Астананың 10 жылдығы», «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған. Саланы дамытуға қосқан жеке үлесі үшін «Үздік Байланысшы» құрметті атағын иеленген.
27 наурыз 2018 ж. 1 165 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031