Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Егемен елдің Елбасы

Егемен елдің Елбасы


Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы үшін, осы біздердің бақытымыз үшін жаралған адам. Біздің несібіміз зор деп ойлаймын. Осындай тұлғаны бізге Елбасы қылып жаратқан бір Аллаға мың да бір шүкір деймін.
Он сегізінші ғасырда өкпені сыққан қос алып империяның қыспағында қалған Абылай хан тордағы арыстанша арпалысып өтіп еді. Қазақтың ұлт ретінде жойылып кетпеуінің де қамын жеді. «Халқымды ынтымаққа сүттей ұйытып, ел ете алмадым, сыртқы жауға қарсы тұрар әскер құрмадым, отырықшы қонысқа үйрете алмадым, қала салмадым» – деп аһ ұрып өткен еді.
Абылай ханның аманатын арқалап, іске асырамын деп тәуекелге басын тіккен – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болды. Телегей теңіз тарих толқынында арқасын ақбас Алатауға сүйеген шағын ауылда маңдайы жарқыраған, көз жанары шоқтай жанған Нұрсұлтан Әбішұлы дүниеге келді. Асылы бір туар тұлғаның жаратылысы ерекше еді. Тіл алғыш, еңбекқорлығы өз алдына, әлсізге болысқыш, әділетсіздікке көнбейтін, елпілдеп тұратын елгезек мінезі көпшілік ортаға тез танытты. Болат кездік қап түбінде жатпайды.
Н.Әбішұлының тәуелсіздік алған жылдары істеген жұмыстары біздің көп ұлтты хылқымыз үшін Гималай тауынан асып кетеді. Ең үш ұлы істерінің бірі 1991 жылы 29 тамыз күні өзінің жарлығымен Семей атом сынақ полигонын жапты. Қаншама халықты қайғы-қасіреттен алып қалды. 40 жылда Семей ядролық сынақ полигонында 467 жырылыс болған. Ол жарылыстар адам денсаулығына зияны соншама, Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалаларына тастаған атом бомбаларынан 2,5 мың есе күшті болғанын ғалымдар дәлелдеді. 2011 жылы Украинаның Киев астанасында Чернобыль апатының 25 жылдығына орай өткен самитте біздің Семей полигонынан зардап шеккендер 120 есе асып түседі – деді.
Екінші ірі ісі – еліміздің барлық шекарасын шегендеп алды. Шығыста Қытаймен, Солтүстік Батыста Ресеймен, Оңтүстікте Қырғыстан, Өзбекстан және Түркіменстанмен шекара мәселесін шешті.
Үшінші ірі жұмысы – 1998 жылы астананы Алматы қаласынан Ақмолаға көшірді. Ол кезде Ақмолада 250 мың халық болса, қазір Нұр-Сұлтан қаласында 1 миллионнан асатын тұрғын бар.
Ерке Есілдің бойына ел қондырған елорда мен Елбасы егіз ұғым. Бүгінде халқымыз елорданы Елбасының ерен ерлігі, елінің келешегін ойлап жасаған ұлы шешімі деп білді.

Мэлс Тоқтыбаев,
Халықаралық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының аудандағы өкімі,
Шиелі аудандық ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі, «Семей-Ақиқат-Шиелі» қоғамдық бірлестігінң төрағасы
05 шілде 2021 ж. 631 0