Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қауіпті 8 мамандық қандай?

Қауіпті 8 мамандық қандай?

Қауіпті 8 мамандық қандай?
Басын бәйгеге тігіп, сын сағатта біреуді құтқарам деп өз өмірін құрбан қылған адамдар аз емес. Мамандықты сүйіп, жақсы көріп сол салаға түскен адамдардың бәрі бірдей оның қауіптілігін көп біле бермеуі мүмкін.  Ең қауіпті 8 мамандық жайлы айтсақ:
1. Орман балташысы. Бұл жұмыс биіктікпен байланысты, оған қоса электронды ара және ағаш дайындайтын техникалармен жұмыс істеуге тура келеді. Статистикаға көз жүгіртсек, 2008 жылы осы салада жұмыс істейтін 116 адам қаза тапқан. Қазіргі таңда да бұл мамандықты таңдаушылар аз емес.
2. Шахтер. Жыл сайын жұмыс кезінде орта есеппен алғанда 50-60 шахтер қаза болады. Мұндай жағдайлар көбіне көмір шығару кезінде жердің опырылуынан және  газ бен метанға уланудың әсерінен болады.
3. Өрт сөндіруші. Өрт сөндірушілердің қажырлы дайындықтан өтіп, төтенше жағдайлардың алдын алу жолдарын үйренгеніне қарамастан, түрлі жарақаттар алу мен апатқа ұшырау мүмкіндіктері өте жоғары.
4. Көп қабатты ғимараттардың терезелерін жуушы. Бұл өте қауіпті іс және терезе жуушы міндетті түрде арнайы дайындықтан өтуі қажет.
 5. Биіктікте жұмыс істейтін электрмонтажшылар.  Өте сирек кездесетін мамандық. Мұндай жоғары вольтті линиялардағы жұмыстардың көбі жалаңаш қолмен атқарылады.
6. Сапер. 1996-2002 жылдар аралығында минасыздандыру жұмыстары кезінде 500-ден аса адам қаза тапқан.
7. Мұнай ұңғыларын бұрғылау. Аталған мамандық әркімнің қолынан келе бермейді. Себебі тәулігіне 12 сағат жанғыштық қасиетімен ерекшеленетін материалдармен жұмыс істеу өте қауіпті. Бұған қоса бұрғылаушылар жағалаудан жүздеген километр қашықта, өркениеттен аулақ жерде жұмыс істейді.
8. Жаға күзеті және құтқару қызметі. Су апаттарымен күресе жүріп, адамдарды аман сақтап алатын құтқарушылар күн сайын тәуекелге барады. Бұл олардың міндеті болса да, олардың аман қалуына ешкім кепілдік бермейді.
 Дайындаған Аида АЙТБАЕВА
13 маусым 2021 ж. 889 0