Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Смартфонды қуаттауда жіберетін қателіктер

Смартфонды қуаттауда жіберетін қателіктер

Смартфонды қуаттар кезде тек қана өзінің қуаттаушы құрылғысын ғана қолданыңыз. Егер аккумулятор ұзақ шыдасын, сақтасын десеңіз басқаның құрылғысына жуымаңыз. Осылай деп кеңес береді ресей мамандары. Бұл жайлы Российская газета басылымында жазылған.
Мамандардың айтуынша, ұялы телефонды қуаттауда кететін көп қателіктің бірі – оны қолға түскен құрылғымен қуаттай салу.
"Құрылғының адаптері мен кәбілі бөлінген немесе сапасыз материалдан жасалған болуы мүмкін. Мұны сіз білмейсіз. Ал оның аккумуляторға тигізер зияны көп. Сондықтан девайсті қуатқа қоярда құрылғыға мән берген жөн", - дейді мамандар.
Қателіктің тағы бірі – жалғастырғыш тетіктерді қолдану. MicroUSB-ді Lightning-ке айналдыратын, ағытпасы бар жалғағыштарды оңды-солды қолдануға болмайды. Мұндай кәбілдің неден жасалғанын, сапасы қандай екенін сатушы да, басқа біреу де айтып бере алмайды.

Ал смартфонды қалай дұрыс қуаттау керек дегенге келсек, ресей мамандары 40-90% қуат аралығында тоққа қойған дұрыс дегенді алға тартады.
Девайсты толық 100% қуаттап қажет емес. Кейде ғана толтырсаңыз болады. Сондықтан смартфонды түнімен қуаттауға болмайды. Аккумуляторға кернеу көп түседі де, сапасы нашарлай береді. Ең дұрысы – мынау: Қуаты 40 пайыздан түскен кезде қуатқа қою да, 90 пайызға жеткен кезде ажыратып тастау, - дейді мамандар.
Қазір кейбір смартфондарда 80 пайызға дейін қуат жиналған кезде, өзі "қуаттауды өшіріп тастаңыз" деп хабарлайды. Ал кейбірі аккумуляторды құртып алмас үшін 80 пайызға жеткеннен кейін, ақырыңдап қуаттайды.
"Смартфонды күн тимейтін жерге қойыңыз. Ыстық не суық жерге де қоюға болмайды", - дейді мамандар.

https://massaget.kz​​​







10 маусым 2021 ж. 380 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930