Телефонды қандай жағдайда қуаттамау керек?
Телефонды немесе қазіргі заманауи смартфондарды қуаттаудың да өзіндік ережелері бар. Бұл ережелерді үнемі жадыңызда ұстайтын болсаңыз, телефоныңыз оңайлықпен бұзыла қоймайды.
Адамдар телефондарын қуаттау кезінде көбірек қателік жібереді. Мұның соңы ұялы байланыстың бұзылуына әкеліп соғады. Сондықтан да сарапшылар қуаттаған кезде сақ болуға шақырады.
1. Телефонды таңға дейін қуаттауға қоймаңыз. Әдетте адамдар өздері ұйықтағанда, телефондарын қуаттауға қояды. Тұрғанша қуаты толып тұрсын ойлайтыны рас. Бірақ бұдан келер қауіп-қатер көп. Телефон артық қуатталғандықтан қызып кетуі мүмкін. Бұл батареясына айтарлықтай зиян. Тіпті қатты қызып, жалын шығуы да мүмкін.
2. Көлікті оталдырғанда қуаттамау керек. Жүргізушілердің көбі телефондарын көліктерінде-ақ қуаттайды. Алайда оталдырмай тұрып, гаджетті қуаттауға қоймау керек. Себебі мотор оталғанда ұялы құрылғыңызға айтарлықтай зиян келуі мүмкін.
3. Қуаттау кезінде “ауыр” бағдарламаларды пайдаланбаңыз. Телефонға көп күш түсіретін, көп қуатын алатын бағдарламалар болады. Бір немесе бірнеше бағдарламаны қатар пайдаланатыныз да рас. Қуаттау кезінде қандай да бір бағдарламаны пайдаланбаған жөн-ақ. Әсіресе түрлі ойындарды қуаттап болғаннан кейін де жалғастыра беруге болады.
4. Қуат құрылғыларында ақау жоғына мән беріңіз. Кейде телефоныңыз дұрыс қуатталмай қалуы мүмкін. Оған себеп – қуаттау құрылғысы болуы мүмкін. Бұл – қауіпті. Себебі қуаттау құрылғысы дұрыс жасамаған жағдайда телефонды қыздырып жібереді. Сондай-ақ қуаттау құрылғысының өзі де қызып, жалынға себепші болуы да мүмкін. Өзгенің қуаттау құрылғысын алғанда да сақ болыңыз.
Дереккөз: massaget.kz