Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев Қайрат Мәмиді қабылдады

Тоқаев Қайрат Мәмиді қабылдады

BAQ.KZ. Президент Конституциялық Кеңестің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысына Конституциялық Кеңестің алдағы Парламент палаталарының бірлескен отырысында еліміздегі конституциялық заңдылықтардың жай-күйі туралы жасайтын кезекті жолдауына дайындық барысы баяндалды.

Конституциялық Кеңес төрағасының айтуынша, аталған маңызды құжатта конституциялық іс жүргізу практикасы қорытындыланады. Қазіргі заңнамада және оны қолдану тәжірибесінде конституциялық нормалардың іске асырылуы, Конституциялық Кеңес шешімдерінің орындалуына баға беріледі. Сонымен қатар азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау мәселелері қаралады.

Қайрат Мәми биылғы жолдау Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналатынын және Конституциялық Кеңес республикадағы заң үстемдігін одан әрі күшейту жөнінде нақты ұсыныстар жасайтынын атап өтті.

Президент Конституцияның Қазақстан мемлекеттілігі мен ел жетістігінің негізі болып табылатынын айтты. Осы орайда, Конституциялық Кеңестің қызметі Ата Заң ережелерін жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратынына тоқталды. Мемлекет аумағында Конституция үстемдігін қамтамасыз ету ел дамуының міндетті шарты екенін атап өтті.
01 маусым 2021 ж. 547 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930