Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Ата Заңды айшықтаған журналистер марапатталды

Ата Заңды айшықтаған журналистер марапатталды

BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Конституцияның цифрлық өркениет дәуірінде мемлекет пен қоғамның трансформациялануы жағдайындағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел аясында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету және қазақстандықтардың конституциялық мәдениетін арттыру мәселелері бойынша журналистер арасындағы конкурстың жеңімпаздары марапатталды. Осы конкурс өткен жылы Республиканың Конституциясы күніне арналған халықаралық конференцияда жарияланған болатын.

Конституциялық Кеңестің Төрағасы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне сөйлеген сөзінде бүгінгі таңда конституциялық-құқықтық сипаттағы мәселелерде маманданған кәсіби журналистерге деген үлкен сұраныс бар екенін атап өтті.

Құрамына Кеңес мүшелері, сондай-ақ құқықтанушы ғалымдар кірген конкурстық комиссия төмендегідей жеңімпаздарды анықтады:

«Ата Заң – Ұлы Даланың құндылығы» номинациясында – «АПТА» бағдарламасының талдаушы-редакторы Айбек Қобдабай және ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының режиссері Зина Тәжібаева, «Qazaqstan» телеарнасы;
«Конституция – Тәуелсіздік негізі» номинациясында – «Журналистік зерттеу» бағдарламасының шеф-редакторы Шынар Сағындықова және осы бағдарламаның продюсері Мырзабек Түсіпов, «Хабар» телеарнасы;

«Конституциялық Кеңестің қызметін үздік жариялап-көрсеткені үшін» номинациясында – «Хабар 24» телеарнасының «Кабинеттер» бағдарламасының сценаристі Тимур Мухамадеев;

«Ана мен баланың конституциялық құндылықтарын насихаттағаны үшін» номинациясында – «Еуразия бірінші арнасы» телеарнасының журналисті Юлия Волкова;

«Конституциялық құндылықтарды насихаттауға қосқан үлесі үшін» номинациясында – КТК телеарнасының астаналық бюросының директоры Ербол Сейілхан, «Астана» телеарнасының арнайы тілшісі Ерлан Сисенов, «Ерекше көзқарас» бағдарламасының жүргізушісі Зейін Әліпбек және Айнур Чидербаева, «Хабар 24» телеарнасы;

«Қазақстанның Конституциялық дамуы» номинациясында – «Казахстанская правда» газетінің құқық бөлімінің редакторы Инеш Бержанова;

«Конституция құқық үстемдігінің негізі ретінде» номинациясында – «Казахстанская правда» газетінің құқық бөлімінің шолушысы Елена Левкович;

«Конституция қоғам назарында» номинациясында – саясат және құқық бөлімінің меңгерушісі Жолдыбай Базаров және журналист Александр Тасболатов, «Egemen Qazaqstan» газеті;

«Конституция және адам құқықтары» номинациясында – Ғалым Омарханов, «Қазақ газеттері»;

«Конституциялық журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясында – «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің талдаушысы Мұратбек Мақұлбеков, «Хабар 24» телеарнасының шеф-редакторы Шалқар Қожаев, журналисттер Линара Сақтағанова («Юридическая газета» газеті), Айнұр Сембаева («Заң» газеті), Торғын Нұрсеитова және Анастасия Московчук («Zakon.kz» желілік басылымы).

Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми жеңімпаздарды құттықтай отырып, оларға конкурсқа белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді және халықтың конституциялық-құқықтық санасын жаңғырту бойынша кәсіби қызметіне табыс тіледі. Лауреаттарға құрмет грамоталары және естелік сыйлықтар берілді.
28 тамыз 2019 ж. 85 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (8733)

22 қазан 2019 ж.

№81 (8732)

18 қазан 2019 ж.

№80 (8731)

15 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам