Конституция
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбеде атты патрульдер құрылды

Ақтөбеде атты патрульдер құрылды

Ақтөбе облысында атты полицейлер жұмысқа кірісті. Олардың міндеті – саяжай массивтері мен көшелерде тәртіптің сақталуын бақылау, деп жазды inbusiness.kz.

Сондай-ақ атқа мінген тәртіп сақшылары жағажайлардағы жағдайды қатаң бақылайды. Олар күнделікті сағат 15.00-ден 22.00-ге дейін Қарғалы және Елек өзендерінің жағасында орналасқан жағажайлар мен саяжай алқаптарын назарда ұстап отырады, себебі, жаздың аптап ыстығында белгіленбеген жерде суға түсетін тұрғындар саны азаймауда. 

Судағы ересектер мен балалардың мінез-құлқы полиция үшін ерекше алаңдаушылық тудырады. Жыл басынан бері облыстың су айдындарында 6 адам суға батып кетті, оның 3-еуі – бала. Қазіргі күні жергілікті көлдер мен өзендердің жанында онға жуық патрульдеу маршруттары әзірленді, олардың 8-і атты полицияның бақылауында болады. Жалпы саны 16 атты полицей жұмысқа жұмылдырылды, – дейді ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ардана Саймағамбетов.

Тәртіп сақшылары көлік жүре алмайтын кез келген жерге бара алатын және жүріп-тұруға қолайлы саналатын ат үстіндегі қызметті тиімді деп бағалап отыр.

https://baq.kz
19 мамыр 2021 ж. 468 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (9415).

27 маусым 2026 ж.

№47 (9414)

23 маусым 2026 ж.

№46 (9413).

20 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930