Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды

11 мамыр күні қалада 391 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен - 339, симптомсыз – 52 науқас тіркелді. «Инфекциялық стационарларда 3 247 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 6 060), оның ішінде 93 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен. Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 227 адам жатыр. Ал 36 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 72 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 89 аппарат жұмыс істейді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 4 018 пациент бар. Оның ішінде 3 496 адамда індет белгісі болған, олар орташа ауыр жағдайда. 522 адамда коронавирус белгісі жоқ.
https://www.inform.kz