Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында көзі тірі 11 қарт майдангер тұрады

Қызылорда облысында көзі тірі 11 қарт майдангер тұрады

Қызылордада Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан көзі тірі 11 қарт майдангерге облыстық бюджеттен біржолғы материалдық көмек 1 млн теңгеден беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңірде қазір көзі тірі ҰОС-қа қатысушы мен мүгедегі 11 ардагер бар. Олардың әрқайсысына облыстық бюджеттен біржолғы материалдық көмек 1 млн теңгеден беріледі. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен біржолғы әлеуметтік көмек 116, 6 мың теңге қарастырылған. Одан бөлек, сол кезеңде тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін орден және медальмен марапатталған азаматтарға облыстық бюджеттен 100 мың теңгеден, аудандық/қалалық бюджеттен 87,5 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек берілуде. «Сондай-ақ, екiншi рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң, қатысушылардың әйелдерiне 100 мың теңгеден, сол кезеңде тылда кемінде 6 ай жұмыс істеген азаматтарға әрқайсысына 100 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек төленуде. Оларға барынша жағдай жасау мақсатында тұрмыс жағдайына зерттеу жүргізілді. Тұрғын-үй жайына жөндеу қажет болған жағдайда демеушілер есебінен көмек көрсету туралы қала және аудан әкімдеріне ұсыныс жолданды», - деп мәлім етті Қызылорда облысы әкімдігі баспасөз қызметінен.

https://www.inform.kz
05 мамыр 2021 ж. 453 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9297)

28 сәуір 2025 ж.

№29 (9296)

22 сәуір 2025 ж.

№28 (9295)

21 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930