Мамандар дабыл қағуда: Телефондағы ойындар балалар үшін қаншалықты қауіпті?
Әлемде күн санап сандық техниканың түр-түрі нарыққа шығуда. Қашықтан оқыту басталғалы бері мұндай техниканың сұранысы арта түскені бар. Қазақстандық мамандар смартфондар мен компьютерден бөлек, ойынға телмірген балалардың да саны күрт көбеюде деп дабыл қағуда. Ата-аналар мен сарапшылар неден қауіптенеді? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Психологтың айтуынша, баланың компьютерлік ойындарға бет бұруы дұрыс емес дүние.
"Телефон мен гаджет, компьютер ойнайтын баланың көбіне психикасы бұзылады. Тіл дамуы нашарлайды. Денсаулығына да ықпал етеді. Көз көруі нашарлайды, тамақты ойнап отырып жейтіндіктен, семіздік пайда болады", - деді психолог Күлпаш Жүсіпова.
Виртуалды өмірдің бүлдіршіннің санасына кері әсер ететінін логопед те растайды.
"Соңғы кезде Among Us деген қауіпті ойындар бар. Free Fire, Minecraft тағы бар. Шынымен бір кірсе, бала шыға аламайтын әдеті бар. Адамның тәуелділігін оятады. Үлкен адамның өзі тәуелді болып қалады. Баланың тәуелділігі тіпті тезірек болады. Сондықтан қандай ойын ойнайтынын қарауымыз керек", - деді логопед-дефектолог Майра.
Түркістандық ана қазір балалар ашуланшақ болып кеткенін жеткізді.
"Ешқандай телефонсыз мүмкіндік болмай қалды. Телефон бермесек, балалар ашуланады. Өзімізге қарсы шығады. Ойнама, қой деп, ұрсуға тура келеді. Кей жағдайда қолдарынан тартып алуға тура келеді", - деді Түркістан облысы Саналы ауылының Шарапат Ақжолқызы.
Орынша Абдуллаева онлайн оқу басталғалы балаларының бас-басына телефон алып берген. Енді көңілі алаңдаулы. Өйткені ұлдары барған сайын тұйықталып, адаммен араласуы азайып, смартфон кесірінен сауатты сөйлеп, жаза алмайтын жағдайға жеткен.
"Балалардың сөздік қоры аз. Телефонмен көп отырады. Ешкіммен көп сөйлеспейді. Тіпті, өзімізбен де көп сөйлеспейді. Телефонға сабақ оқып жатырмын деп кіріп кетеді. Байқаймын қазіргі таңда достары көп емес. Бары оншақты досы бар", - деді Шымкент қаласының тұрғыны Орынша Абдуллаева.
Психолог Күлмаш Елшібаеваның сөзінше, гаджеттерді шектеп тию мәселенің шешімі емес. Сондықтан ата-ана бірден емес біртіндеп баласының назарын дұрыс дүниеге бұру керек деп санайды.
"Жеткіншектер тәуелді болып кеткенін білсе, білікті, кәсіби мамандарға апарып, ол баламен жұмыс жасау керек. Егер одан да өтіп кететін болса, қазақ халқына төнген бір қасірет деп айтуға болады. Баланың қызығушылығына мән беру керек. Оның қызығушылығы мен қабілетіне байланысты ойындарды ұйымдастырып беруге тырысу қажет" , - деді психологиялық орталықтың жетекшісі Күлмаш Елшібаева.
Тағы бір маманның айтуынша, балалардың смартфонда көп отыруына шектеу қойған дұрыс.
"Негізі 2-3 жастағы балаларға 1 сағатқа жетпей уақыт беруге болады. 2-3 жастағы балаға толық емес бір сағат. 5 жастағы балаға 1 жарым сағаттай отыруға болады. 5 тен 11 жастағы балалардың арасында 3 сағаттай отыруға негізі болады. Енді бұның бәрін ата-аналарға тағы да балалармен келісіп, ереже, кесте жасауы керек" , - деді психолог Күлпаш Жүсіпова.
"Жұмыстан келді ата-ана бірден телефоны қасында. Тамақ ішіп отыр. Бір қасықты аузына салып, телефонын қарайды. Оны көріп отқан балада соны жасайды. Сіз телефонға қарап отырып, балаға еш уақытта "қой" деп айта алмайсыз. Ол бала тыңдамайды. Бала суды сорып алатын мақта сияқты. Ата-анадан не көреді соны жасайды. Бала телефон, гаджетті көп ұстамас үшін ата-ана өзін өзі тыю керек", - деді психологиялық орталықтың жетекшісі Күлмаш Елшібаева.
Айта кетейік, бұған дейін TikTok-та соңы өлімге әкелетін қауіпті челлендж тарағаны белігі болған еді.