Вакцина аурудың алдын ала ма?
«Сақтансаң сақтаймын» деген бар. Мамандар індеттен сақтанудың бірден-бір жолы екпе екенін айтып дабыл қағуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, вакциналау жыл сайын жер бетіндегі 3 млн-нан астам адамның өмірін аман алып қалатын көрінеді. Дейтұрғанмен әлемде вакцинаға қарсы халықтың қарасы жыл санап көбеюде. Қазақстанда да жағдай осындай.
ДДСҰ-ның айтуынша, бүгінде бірнеше мемлекет коронавирусқа қарсы 50-ден аса кандидат-вакцина әзірлеуде. Олардың ішінен клиникалық сынақтар кезеңіне өткені екеу ғана. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде де вакцина дайындалуда. Ұлттық биотехнологиялық орталық пен Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты бірлесе отырып, COVID-19 коронавирусына қарсы вакцина жасау ісіне кірісіп кеткені белгілі. Мұның алдында ғана Мемлекет басшысы коронавирусты анықтауға арналған диагностикалық тест жүйесін әзірлеп шыққаны үшін Ұлттық биотехнология орталығы мен Масғұт Айқымбаев атындағы Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының ұжымдарын арнайы құттықтаған болатын.

Әрине, қазақстандық ғалымдардың бұл бағыттағы қажырлы еңбегіне, аз уақытта қол жеткізген жетістігіне тек сүйсінуге болады. Дегенмен де ғалымдар арасында бұл қауіпті індетке қарсы вакцинадан гөрі препарат ойлап табу керек деген пікір жиі айтылып жүргенін де жасыруға болмас.
Айта кету керек, коронавирусқа қарсы вакцина 2021 жылдан бастап егіле бастайды. Қазір ұйым екпені әлем бойынша қолжетімді ету үшін жұмыс жүргізіп жатыр. «Вакцина байларға да, кедейлерге де бірдей бұйырады» деп баса айтты халықаралық ұйым мамандары.
Сондай-ақ ұйым өкілдері коронавирустың ауыр түрімен ауырған науқастардың тез оңалуына көмектесетін кеңес әзірледі. Оңалту жаттығулары демікпені тоқтату, физикалық жаттығулар, сөйлеу мен жұтыну функцияларын қалпына келтіру және сырқаттан кейінгі психологиялық қиындықтарды жеңуге көмектеседі. 28 беттен тұратын кеңестер тізімінде, физикалық күйіңізді анықтауға көмектесетін жаттығу бар. Егер тұтас сөйлемді үзбей, бір деммен айтып шыға алсаңыз физикалық жүктемені арттыруға болады. Егер үзіп-үзіп айтсаңыз, жағдайыңыз қалыпты, жаттығуларды жалғастыра беріңіз дейді мамандар. Ал тынысыңыз тарылса жаттығуды тоқтатқан жөн. Алайда бұл кеңестер медициналық оңалту бағдарламасын толық алмастыра алмайды, тек сеп болады дейді денсаулық сақтау ұйымы.
Коронавируспен жеңіл ауырған адамның ағзасында 7-10 күннен кейін иммунитет пайда болады да, вирустар жоғалады. Егер сол адам осы аралықта ешкіммен қарым-қатынаста болмаса залалсыз болып, өзімен өзі вирусты жеңіп шығады. Білесіздер, карантин уақыты тағы 2 аптаға ұзартылды. Оның керегі – ауру адамдарды оқшаулап вируспен күресіп, иммунитет қалыптастыруға мүмкіндік жасау. Ал сау адамды науқастармен байланыста болудан тыю.
Сұлушаш МАДИЯРОВА