Таңғы сергектікті оятатын 7 кеңес
Таңғы сергектікті қалап, барлығына бірдей үлгергіңіз келсе, мына кеңестерді ұсынамыз.
Сіз телефоныңыздағы оятқышты неше рет кейінге қалдырасыз? Үйден шығуға 20 минут қалғанда тұрып, таңертенгі таңғы асты ішпей, душтың орнына құрғақ шампунь қолданып, метрода боянатындар қатарынансыз ба? Иә, әрине таңертен жылы төсектегі жарты сағат ешкімге артық етпейді. Алайда, күніңіздің сәтті, әрі көңілді өткенін қалап, барлығына үлгергіңіз келсе, balbal.kz сайтының сізге ұсынар қарапайым 7 кеңесін оқып көріңіз.
1. Барлығы қарапайым
Таңертен ерте тұрғаннан кейін сергектік үшін, жарты сағат жаттығу жасаудың керегі жоқ. Міндетті түрде йога немесе созылу жаттығуларын жасау деген ойды басыңыздан шығарып тастаңыз. Тек шамалы ғана сергектік жаттығуларын жасасаңыз жеткілікті.2. Дайындықты кешке бастаңыз
Біздің сүйікті аналарымыздың күнде айтар кеңесі! Егер сіздің энергияңыз түнде көбейетін болса, осыны пайдаланып таңертеңге дайындалып алсаңыз болады. Өзіңізге керек киімді таңдап, үтіктеп, үйлестіріп қойыңыз. Әдемі көйлегіңізді, соған үйлесімді туфлиіңізді, әшекейіңізді, сөмкеңіздің барлығын дайындап қойсаңыз, сол күні жарқырап жүресіз. Тіпті, ертеңгі күннің түскі асын да дайындап қойыңыз.3. Өзіңізді қуантыңыз
Сізді таңертенгі күйбең тіршілік шаршатса, өзіңіздің рахатыңыз үшін, 5 минутыңызды жаңа музыкалық бейнебаянды көруге, метрода ішіңіз пыспас үшін 3 минут аудиокітап тыңдауға және 10 минутыңызды дәмді таңғы асқа бөліңіз. Бұның бәрі ең алдымен сізді қуанту үшін керек.Оқи отырыңыз: «Түнде жеуге болатын пайдалы тағамдар»
4. Серіктес іздеңіз
Әрине, таңертен ерте тұрғанда, оңашада емін-еркін жүргенді қалайсыз. Алайда жаңыздан табыламын деушілерге тыйым салмаңыз. Керісінше, сізге қолдау көрсетеді. Сіз жақсы көретін сүті көп, қантсыз кофеңізді әзірлеп берсе, керемет емес пе?5. Асықпаңыз
Уақытыңыз тығыз кезде, өзіңізді орындау керек жұмыстармен шаршатасыз. Алайда асығыстық жасаймын деп, жүйкеңізді жұқартып алмаңыз. Терең дем алып, айнаға қарап күлімдеп, жұмысыңызды бір қалыпты, асықпай жасаңыз. Тәжірибе арқылы бұл тәсілмен тез жұмыс істегеннің дұрыс, әрі бұрыс жақтарын қарап қорытынды жасап көріңіз.6. Әрнәрсені өз орнына қойыңыз
Таңертең үйден асығыс шыққан кезде, керек дүниеңізді қалдырып кетпес үшін заттарды орнына қоюды үйреніңіз. Мысалы: кілт, телефон, әмиян секілді міндетті түрде қажеттң дүние көз алдыңызда тұрсын. Заттарыңызды бір күн бұрын түгендеп, сөмкеңізге салып қойған әлдеқайда дұрыс.7. Стратегияға сеніңіз
Сіз таңертеңгі сергектіктің мүмкін екеніне көзіңіз жетсе де, өзіңізді бұған үйрете алмай жүрсіз бе? Бұл үшін көңіл-күйіңізді түсірудің керегі жоқ. Себебі мұны шешетін тәсілдер бар. Арнайы ұялы телефондағы бағдарламар (Morning Routine, SleepCycle) мен кеңестерге жүгінуге болады. Жетістіктің кілті – тәртіпте. Жаңа тәртіптің бір қалыпты орындалуы үшін, күн тәртібіндегі істерді толықтай және уақытылы орындаңыз.http://balbal.kz