Атырауда көп балалы ана екінші рет егіз қыздарды өмірге әкелді
Атырауда ерлі-зайыпты Рашид Байыров пен Мөлдір Мәжитованың отбасы алты бала тәрбиелеп отыр. Күні кеше көп балалы ана екінші егіз баланы дүниеге әкелді.
Үлкен ұлы Нұрислам 13 жаста, егіздер Нұрсезім мен Гүлсезім 11 жаста, олардан кейін Әділхан есімді ұл бала дүниеге келді. Ал әпкелері егіз сәбилерге Көркемай мен Еркемай деп ат қоюды жөн көрді.Анасы мен егіз сәбилер үйге шығарылып үлгерді. Қыз балалар 2400 және 2600 грамм салмақпен дүниеге келді.
Әйелдің айтуы бойынша, отбасында егіздердің өмірге келетінін оның үлкен әжесі алдын-ала айтқан. Әжесі де егіздерді өмірге әкелген екен, бірақ бір бала тірі қалмапты, деп жазады ATPress басылымы.
«Әжем емшіболды, адамдарды емдеді, сондай-ақ домбырада шебер ойнаушы еді. Әжем болашақта егіздердің өмірге келетінін болжаған. Мен бұл оқиға туралы бірінші жүктілігімнің 5 айында білдім», - дейді Мөлдір Мәжитова.
Екінші рет егізге жүкті болғанын білгенде, ол қатты қуанды.
«Ең бастысы, төрт қыздың да дені сау болып дүниеге келді. Үлкен қыздарым домбырада ойнайды, қазақтың халық әндерін айтады, облыстық және республикалық ән байқауларының жеңімпаздары. Олардың таланты біздің үлкен әжеміздің бойынан дарыған деп ойлаймыз», - дейді көп балалы ана.
Мөлдірдің айтуынша, кішкентайлардың өмірге келуімен олардың үйінде одан әрі шаттық орнай түсті. Төрт қыздар бір-біріне өте ұқсайды.
«Балалар - біздің бақытымыз. Мен оларға қарап, өзімді ең бақытты адам сезінемін», - дейді ол.
https://stan.kz