Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірнеше рет қайнаған шайды ішу дұрыс па?

Бірнеше рет қайнаған шайды ішу дұрыс па?

Кейде бір шайды (көбіне қалта шайды) қайнатып болғаннан кейін оны тастап не төге салуға қимайсың. Кейде оны ауыстырып отыруға уақыт болмай жатады. Мұндайда шайды қайта қайната салған дұрыс па? Ал басты сауал – солай қайта-қайта қайнатылған шайды ішкен ағзаға зиян емес пе?
Сауалдың жауабын бірден бере кетейік. Шайды қайта-қайта қайнатқанның еш әбестігі жоқ. Алайда ондай шайдың ағзаға берер пайдасы аз болады.
Қазір ішіп жүрген шайымыздың негізгі екі түрі бар: бірі – қалта шай, екіншісі – қорапқа салынған шөп шай. Шөп шайды ұзақ қайнатып отырғанша, көбіміз тез қайнатып іше салатын қалта шайды таңдауды жөн көреміз. Бұл бір жағынан дұрыс та. Өйткені қалта шайдың бөлшектері өте ұсақ болады да, оны қайнатқан кезде пайдалы заттары суға тез шығады. Ал шөп шайда біраз күту керек. Сондықтан шөп шайды бұқтырып барып ішкенді жөн көреміз. Бұл – дұрыс амал. Өйткені бұқтырып, демделген шайдың құрамында пайдалы қоспа көбірек болады.
Өйткені шайдың құрамында эфир майы, алкалоид, ақуыз бен дәрумен, дубильді заттар бар. Бұлардың кейбірі қайнаған суға тез еріп, пайдалы қасиеті жылдам шығады. Ал кейбіріне уақыт керек.  
Осы тұрғыдан қарасақ, шайды екі-үш рет қайнатқан да дұрыс. Өйткені алдыңғы қайнатымда шықпай қалған пайдалы, құнды қоспалары екінші рет қайнатқанда тағы шығуы мүмкін.
Ал екінші жағынан қарасақ, шайды қайта-қайта қайнатқан сайын пайдалы экстракциясы азайып, дәмі кете бастайды. Былайша айтқанда, суға айналып кетеді.
Сондықтан шайды бірінші рет қайнатқанда, тез ішіп алмай, біраз бұқтырып қойған жөн. Содан соң барып ішкеніңіз пайдалырақ. Ал оны қайта қайнату-қайнатпау өз еркіңізде.

massaget.kz
01 сәуір 2021 ж. 455 0