Көне зергерлік бұйымдар көрмесі
Облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен көркемсурет галереясында зергерлік бұйымдар көрмесі өтті. Көрмедегі көп бұйымның ішінен күмістен соққан әтірқұтыға көзім түсті. Бірден
– Жақұттың ақық ашады шекарасын,
Киікте мүшкілән бар,
феруза тастан,
Інжілдің ғалым шешеді
шын мағынасын,
– деп келетін Ерімбет Көлдейбекұлының өлеңі ойға оралды. Ойлап қарасаңыз, мүшкілән – киіктің май бездерінен түзілетін ерекше қош иісті сұйықтық. Ертеде сол қоянның көз жасындай-ақ нәрсені жігіттің жігіті, нағыз саяткер серісі ғана жармай сойып алады екен. Сосын көңілі құлаған сұлуға тарту еткен. Қыз көркіне лайық сый әрі жігіттің сезімін білдіру жолы. Бір жәдігердің өзі ұлтымызда парфюмерияның да болғанын дәлелдеп тұр. Көрмеде музей қорындағы екі мыңнан астам зергерлік бұйымдардан іріктелген 130 жәдігер жұрт назарына ұсынылды. Кемер белдік, алқа, бойтұмар, сырға, білезік, балдақ, жүзік, қапсырма, шолпы, өңіржиек және тағы басқа бұйымдармен қатар қазақ аруларының кенепке түскен картиналары да іс-шара тағылымын тереңдете түсті.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырға тиесілі өнімдерді жасау үшін ақық, көгілдік ақық, маржан, інжу сияқты асыл тастар көбірек қолданылған. Ел ішінен ертеректе жиналған жәдігерлер мұражай тарихымен бірге жасасып келеді. Бұйымдардың барлығының дерлік басты материалы – күміс. Мысалы қазақ аруларының гигеналық заттары топтастырылған композицияда тарақтан бастап, омыраушаға тізілген тіс шұқығыш пен тырнақ тазалағышқа дейін күмістен соғылыпты.Алғашында бұл заттар қарапайым етіп жасалып, қалтаға салып жүруге арналған. Кейін келе тіс шұқығыштың әйелдерге және ерлерге арналған түрлері жасала бастаған. Әйелдерге арналған тіс шұқығыштарға бірдей үлгіде жасалған құлақ тазалағыштарды біріктіріп, бір жиынтық етіп кеудеге тағатындықтан кеуде әшекейлерінің қатарына жатқызған. Бұл бұйымдардың бәрі әр отбасының жағдайына және дәулетіне сай жасалыпты. Әсіресе әйелдерге арналған тіс шұқығыштарға көз қондырылып, үзбеленіп, сіркеленіп өрнектермен безендіріліп жасалған. Ал ерлерге арналған тіс шұқығыштар көбінесе қарапайым дайындалып, қалтаға салып жүруге арналған.
– Мұндай тіс, құлақ тазалағыштардың күмістен жасалуы қазақ халқы күмістің өте табиғи және таза зат екенін ертеден білгеніне дәлел, – дейді музейдің реставрация жұмыстарына атсалысып жүрген зергер Бекзат Жақыпов. Демек тек әдемі әшекей ретінде ғана емес денсаулыққа пайдасын да ескеріп, қолданған.
– Күміс кір жинамайды. Зергерлердің сүйікті материалы. Қазақ үшін қандай бұйымның болсын әсемдігімен қатар қасиеті мен киесі де айрықша мәнге ие болған. Жаман нәрселерден қорғау қасиетіне, мәніне қарай қалыбы мен ою-өрнегі, жасалатын материалы да түрліше болады. Күмістің жылтылы мен түсі ежелден айдың жарығына баланды. Боз ғаламшар мен күміс бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл металды түнгі жарықтың бір бөлігі ретінде қабылдаған халқымыз оған түрліше құдіретті қасиет берген. Баланы шомылдырғанда суға күміс теңге мен сақина тастап, «Баланың күні күмістей жарық болсын» деуі тегіннен-тегін емес, – дейді шебер.
Қазақ әйелдерінің зергерлік сәндік әшекей бұйымдарының тағы бір тамаша үлгісі – бойтұмар. Бабаларымыз ғасырлар бойы тұмар тағудың ғажап үлгісін жасаған. Көрмеде тұмардың тұмарша, қолтықша, бойтұмар сияқты бірнеше түрі қойылыпты. Облыстық музейдің бөлім меңгерушісі Әйгерім Бекқұлы музей қорындағы жәдігерлерден тұмардың өзі бірнеше дәуірді басынан кешіргенін байқауға болатынын атап өтті.
– Ежелде тұмар ретінде өз тотемдерінің бір мүшесі не терісін таққан. Кейін мұсылмандықтың енуіне байланысты тұмарға Құраннан аяттар жазып салатын болған. Жаңғырту жұмыстары кезінде ескі тұмарлар қалпына келтіріліп, тазартылады. Сонда қазақ арулары таққан бойтұмарлардан құран аяттары шығып жатады. Ертеректе бірінің ішінен қыздың жігіттен алған хаты да табылған, – деді Ә.Бекқұлы.
Тұмардың қолтық тұмар аталатын көлемді әрі ерекше түрі асыл тастармен безендіріліп, бетіне кавказ өрнегі салыныпты. Маржан тастармен безендіріліп, бүршіктеу әдісі пайдаланылған. Алғаш көргенімізде өте үлкен тұмарды қалай тағады деп таңғалғанбыз. Тарихын зерттей келе қолтық тұмардың қызық аңыздарын білдік. Сондай аңыздың бірі былай өрбиді. Аспаннан жерге бір жұлдыз ағып түсіп, әдемі қызға айналады екен. Оны көрген балықшы жігіт маған тұрмысқа шықшы деп жалыныпты. Қыз егер мен басымды жуған кезде маған қарамауға уәде етсең, келісемін, деп айтады екен. Жігіт уәдесінде тұрып, олар бақытты ғұмыр кешеді. Бір күні күйеуі әйелі басын жуып жатқанда қарап қояды. Сол кезде әйелінің жаны қолтығынан ұшып шығыпты. Осыдан кейін әйел жаны қолтығынан ұшып кетпесін деген сеніммен осы қолтық тұмар пайда болған деседі.
Көрмені тамашалап жүріп қазіргі қолөнер бұрынғы шеберлердің өнерінен мүлде бөлек екенін еріксіз аңғарасың. Бүгінгілерін қазақтың ұлттық қолөнері деп айта да алмайсың. Сапасы да, техникасы да мүлде басқа. Ұлттық өнер кәдесыйлық деңгейге түскен бүгінгі заманда екі ғасыр бұрынғы ел өмірін көз алдыңа келтірер мұндай жәдігерлер өз халқыңның өткеніне деген мақтаныш сезімін сыйлайды екен.