Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Талапты қыз – Аймереке

Талапты қыз – Аймереке


Өткен аптада аудан әкімі Қ.Мүбараков Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен дарынды балалар мен жастарды анықтау мен қолдауға арналған «Ел үміті» жобасы бойын­ша «Елбасы медалі» бағдарламасы аясында жүлделі қола медаль иегері атанған жерлесіміз Аймереке Айтбайды қабылдады.
Сондай-ақ, аудан басшысы рес­публика көлемінде өткізілген ауқымды жобаға белсене қатысып, ауданымыздың мерейін асырған Аймереке Бақтыбайқызына жылы лебізін жеткізіп, алғыс хатпен марапаттады.
Жалпы бағдарламаға Қызылорда облысы бойынша 51 үміткер қатысқан. Кіл жүйріктің арасынан жерлесіміз Ы.Жақаев ауылының №149 Ә.Монтаев атындағы орта мектептің түлегі үздік үштіктің қатарынан көрінді. Аймереке қазіргі уақытта Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 2 курс студенті. Өңір халқы болашағынан үлкен үміт күтіп отырған жас талапкер. Біз де жалынды жас қызымызға түрлі белестерді бағындырып, Шиелінің абыройын асқақтата бер деген тілегімізді білдірдік.

«Өскен өңір» ақпарат
24 наурыз 2021 ж. 625 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031