Соңғы мәліметтер: Қазақстанның қай өңірлері "қызыл" аймаққа кірді
«Сары» аймақта Ақмола, Ақтөбе Алматы, Атырау және Қарағанды облыстары орналасқан болса, қалған өңірлер – «жасыл» аймақта. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін өткен тәлікте 1101 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталған. Осылайша, жалпы Қазақстан бойынша ауырғандар саны 234 007 адамға жеткен. Сонымен қатар, соңғы бір тәулікте 337 адамның инфекциядан жазылып шыққаны белгілі болды. Айта кетерлігі, Ресей Қазақстанға қосымша "Спутник V" вакцинасының 4 миллион дозасын жеткізетіні жөнінде де хабарланған болатын. Дүйсенбі күні Қазақстан үкіметінің басшысы Асқар Мамин Мәскеуге жұмыс сапарымен барып, Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізген.Кездесу барысында COVID-19-дың таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикасы үшін пандемияның салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, ПТР анықтамасы жоқ 6 шетел азаматының Қазақстанға кіруіне тыйым салынғаны анықталды. Бұл жайында Коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссия мәлім етті. Павлодар облысының аумағында мемлекеттік шекараның 4 автомобильді бақылау бекетінде адамдардың қозғалысын бақылау жалғасып жатыр. Өткен тәулікте шекарадан 700 адам өткен. Оның 305-і - жаяу және 395-і - жүк көлігінің жүргізушісі.