Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Оңтүстік өңірлерде алма ағашын егу ұсынылды

Оңтүстік өңірлерде алма ағашын егу ұсынылды

BAQ.KZ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров АӨК-ті дамытудың негізгі бағыттары және инвестициялық жобаларды іске асыру туралы өткен Үкімет отырысында айтты.

Бүгінгі таңда алманы жалпы тұтыну көлемі 344,3 мың тоннаны, импорт 144 мың тоннаны құрайды. Ішкі нарықты 6,6 мың га алаңда жаңа қарқынды бақтар салу есебінен молықтыру болжанып отыр. Жаңа бақтар отырғызуды негізгі бақ өсіретін өңірлер: Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары және Шымкент қаласында шоғырландыру ұсынылады, - деді ол.

Министр атағандай, жыл сайынғы бақ отырғызу көлемі орта есеппен 2 мың га болады.

Бұл толық жеміс беруге біртіндеп шыға отырып, алмаға деген тапшылықты жойып, 2024 жылы өз-өзімізді толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді Омаров.

Айта кетейік, сонымен қатар минстр қазіргі уақытта елімізде өндірілетін қант тапшылығы 240 мың тоннаны немесе қажеттіліктің жартысынан көбін құрайтынын айтты. Ішкі нарықты молықтыру Алматы облысындағы қант зауытын жаңғырту, сондай-ақ Жамбыл облысында қуаты 150 мың тонна қант шығаратын жаңа қант зауытын салу есебінен болжанып отыр.
02 наурыз 2021 ж. 407 0

Қоғам

АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ ДӘМІ ТӘТТІ
17 желтоқсан 2025 ж. 35

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031