Сырбойылық сарбаздар әскерге барады
Жылдағы дәстүр бойынша наурыз айының бірінен бастап көктемгі мерзімде әскерге шақыру басталды. Сыр өңірінен көктемде Отан алдындағы борышын өтеуге 700-ге жуық азамат әскерге барады. Басты ерекшелік, қарым-қатынасты азайту мақсатында 18 бен 27 жас аралығындағы шақырылушыларға 1414 сервис қызметі арқылы SMS-хабарламалар жіберіледі.
Жас сарбаздар әскери борышын ҚР ҰҚК Шекара қызметінде, Қарулы Күштер қатарында, ІІМ Ұлттық ұланы мен Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты бөлімдер және Мемлекеттік Күзет қызметтерінде өтейтін болады. Ол туралы облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Әлиев айтты.
Жас сарбаздар әскери борышын ҚР ҰҚК Шекара қызметінде, Қарулы Күштер қатарында, ІІМ Ұлттық ұланы мен Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты бөлімдер және Мемлекеттік Күзет қызметтерінде өтейтін болады. Ол туралы облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Әлиев айтты.
– Барлық аудандық, қалалық шақыру және облыстық жиын пункті көктемгі мерзімді әскери шақыруға толық дайын. Медициналық комиссиялар тиісті білікті дәрігер мамандармен және медициналық құралдармен толық қамтылған. Алтыншы наурызда Алматы қаласындағы ҚР ҰҚК Шекара қызметіне 19 азаматты жіберетін боламыз, – деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.
Елдегі ахуалға байланысты әлі де карантиндік режимдер өз күшін жоя қойған жоқ. Бірақ, департамент бастығының орынбасары, жасақтау басқармасының бастығы Дмитрий Жерегя барлық санитарлық талап қатаң сақталатынын атап өтті. Әскерге шақырылушылардан міндетті түрде әскери бөлімдерде, арнайы пункттерде ПТР-талдамасы алынады. Ал шақырылушыларға екпе жүргізу келген әскери бөлімде, яғни, қызмет өткеру орындарында ұйымдастырылады. Айта кетейік, көктемгі әскерге шақыру науқаны ағымдағы жылдың бірінші шілдесіне дейін барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жалғасады. Әскери бөлімдерге елімізді қорғауға қабілетті, денсаулығы мықты, дене бітімі шыныққан, сауаты жеткілікті, моральдік-іскерлік қабілеті жоғары азаматтар аттанады.
Г.ӘБДІХАНИ