Дәнді дақылдар қаншалықты пайдалы?

Тұтас дәнді дақылдар үш нәрседен тұруы қажет: кебек, ұрық және дәннің эндоспермасы. Өңдеу барысында дәннің құрамындағы дәрумен мен пайдалы заттарға бай кебек пен ұрық жойылуы мүмкін.
Кейбір өндірушілер тағамды пайдалы затқа байыту үшін кебекті ұн өніміне қосады. Одан бөлек, ұнның құрамына темір, дәрумен, тиамин, рибофлавин және ниацин қосылады. Бұл процесс фортификация деп аталады. Күніне кем дегенде 100 грамм тұтас дәнді дақыл өнімін тұтынатындар созылмалы ауруға шалдықпайды деуге болады. Салмақты бір қалыпты ұстауға да көмектеседі.
Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры
massaget.kz