Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақмола облысында дәнді-дақыл қаптайтын цех іске қосылды 

Ақмола облысында дәнді-дақыл қаптайтын цех іске қосылды 


Ақмола облысының Ақкөл қаласында дәнді-дақылдарды қаптайтын жаңа цех іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Өндіріс ошағын жабдықтауға жергілікті кәсіпкер 175 млн теңге жұмсаған. Қазір мұнда 8 түрлі дақыл ұсақ қалташаларға қапталып жатыр. Цех жұмысы автоматтандырылған. Сондықтан бір ауысымда екі-ақ адам жұмыс істейді. Жалпы, мұнда 6 адам еңбекпен қамтылған. Ал шикізат аймақтың шаруаларынан сатып алынады. Әзірге өнім тек аудан көлемінде сатылып жатқанымен, келешекте өзге облыстарға және Астана қаласына дейін жеткізіледі. Виктория Кацук, цех операторы: - Біздің цех шағын болғанымен, айына 60 тонна өнім шығара алады. Әзірге тек дәнді-дақылдар саудаласақ, алдағы уақытта шай түйіршіктерін қалташаларға салып, сату жоспарда бар. Осылайша өндірісті біртіндеп дамыта береміз.

www.24.kz
15 ақпан 2019 ж. 1 396 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930