Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда вакциналаудың екінші кезеңі басталды

Қазақстанда вакциналаудың екінші кезеңі басталды



Бүгіннен бастап елімізде коронавирусқа қарсы екпе алушылардың тізімі ұлғаяды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Вакциналау науқанының екінші кезеңінде мұғалімдер, тәртіп сақшылары мен балабақша тәрбиешілері – ұзын саны 15 мың адам егіледі. Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, вакцина салдыратындардың тізімі бекітіліп, жер-жердегі емханаларға жіберілген. Осылайша, азаматтар тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелген емханаларға барып, вакцина ектіре алады. Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда вакциналау науқаны ақпанның бірінде басталған. Алғаш болып медициналық мекеме қызметкерлері ресейлік «Спутник V» екпесін салдырды. Бір айдың ішінде екі мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы егілді.

24.kz
01 наурыз 2021 ж. 528 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (9374)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (9373)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (9372)

21 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031