Тән сақшысы Сәбит
Кеше, яғни 22 ақпан – фельдшер мамандығының меншікті мейрамы. Буын сырқырап, балтыр сыздағанда жанымыз мұрынның ұшына келгендей күй кешетініміз рас. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген мақалды, сондай-ақ әртүрлі халық емін жақсы білсек те, дәрігердің көмегіне жүгінуді ойлаймыз. Себебі денсаулық жанашырларының кінәратпен аянбай күресетіні баршаға аян. Бұл медицина саласының қызметкерлері мен дәрігерлеріне деген сенім мен құрмет.
Орта, арнайы медициналық білімі бар, диагноз қоюға және тәуелсіз ем жүргізуге немесе науқасты маман дәрігерге бағыттауға құқылы – фельдшер. Жалпы, фельдшер – бұл ауруханаға дейінгі ортада медициналық көмек көрсететін тән сақшысы. Олар медицинаның барлық саласында шұғыл көмек көрсетеді, ауруханаға жеткізеді және мүмкіндігінше денсаулық сақтау қызметі мен олардың күтімін тиісті жолдарға бағыттау арқылы қамтамасыз етеді. Сондай жанның бірі емес, бірегейі Сәбит Байманов. Ол туған жеріне терін төгіп жүрген жан. 1994 жылы Қызылорда қаласындағы Жоғарғы медициналық колледжінің «Емдеу ісі» бөліміне оқуға түсіп, 1997 жылы оқуды аяқтайды. Еңбек жолын алғаш 1997-1999 жылдары Қызылорда қаласы Тасбөгет кентіндегі емханадан бастайды. 2000 жылдан бері Сұлутөбе ауылдық дәрігерлік амбулаториясына қарасты 1 май ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда жұмыс жасап келеді. Бүгінде Сәбит Жақсылықұлының еңбек өтілі 24 жыл. Әке жолын жалғастырған Сәбит жедел жәрдемде көмегін көрсетіп, санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізеді. Жүкті әйелдерді есепке алып, бақылау жасайды және 0-5 жас аралығындағы бөбектерге патронаж жасап, екпе салады.

24 жылдың 24 сағатында аянбай еңбек етіп, жедел қызмет көрсетіп жүрген Сәбитке ауыл тұрғындары дән риза. Ризашылықтарын білдірген ауыл тұрғындары аудан әкімінің есебінде аудандық, облыстық марапатқа ұсынды. Бұған дейін кейіпкеріміз 2016 жылы «Тәуелсіздікке 25 жылдық» медалін алған.
Кез келген уақытта шақыртуыңызға жедел келіп, алғашқы көмек көрсететін Сәбиттің ұлы Шыңғысхан Сәбитұлы ата, әке жолын жалғастырып, Семейдегі медицина колледжінде фельдшер мамандығы бойынша білім алуда. Ал әкесі Жақсылық Байманов 1 май ауылында 40 жыл фельдшер болып еңбек еткен ардагер.
2020 жыл баршамызға оңай соқпады. Әсіресе медицина саласының өкілдерін әуреге салды. Осы қиындықтарды еңсеруде де фельдшерлердің еңбегі зор. 2020 жылы Covid-19 инфекциясы таралған уақытта, еріктілердің көмегімен ауыл жастарын ұйымдастырып, бір жарым ай бойы карантин шараларын қатаң сақтауға шақырып, бақылауға алған. Осы шаралардың арқасында ауыл тұрғындары КВИ-ді жұқтырғандар, ауырғандар мен қайтыс болғандар жоқ. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген тәмсілді ұстанатын Сәбит мырза пандемия кезінде де осы мақалды басшылыққа алған.
«Ауылдың ізгі ықыласына бөленіп, алғысын алып отырсыз. Осындай құрметке бөленудің амалы қандай?» деген сауалға:
– Ерекше бөліп жарарлық амалы жоқ. Тек мамандығымды сүйемін. Мамандығын жақсы көрген адам салғырттыққа бармайды. Ауыл тұрғындары риза болып алығысын айтса, мұның себебі осы. Мұнан артық бақыт жоқ шығар, бәлкім,- деді.
Мамандықтан бөлек өзге қоғамдық іс-шараларға атсалысатын фельдшер ауыл тұрғындарымен бірігіп, ауыл мәселелерін шешетін «Қауымдастық» құрамында. «Келешекте де барлық қоғамдық іс-шаралар мен ауылға қатысты мәселелердің арасында жүріп, өз үлесімді қосамын» деген Сәбит Байманов қай кезде де іске дайын екенін айтты.
Ақбота БАЯНБАЙ