Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл


2021 жылдың 18 ақпанында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының м.у.а Ерғарин Дәурен Тілекұлының және Zoom платформасы арқылы онлайн режимінде Арал ауданы әкімінің орынбасары Жұмағұлов Бектемір Ұлыбекұлы мен аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер басшылары Арал қаласы мен а/о әкімдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігінің 1,2-тармақтарымен, яғни жымқыру деректерімен күдік келтіру туралы қылмыстық істер бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабының тәртібі негізінде енгізілген ұсынулар қаралды.
Шара барысында Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу» КММ-нің бас маманы-есепшісіне және «Беларан ауылдық округі әкімі аппараты» КММ-нің маманына қатысты орын алған заң бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiнде атқарылып жатқан жұмыстар бойынша хабарлама жасалып, өз кезегінде Бектемір Ұлыбекұлы аудан әкімдігімен 2020 жылғы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан шаралары бойынша ақпараттар баяндалды.
Сонымен қатар, Арал аудандық әкімдігіне алдағы уақытта екінші қол қою құқығына ие тұлғаға электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттерін беруге шектеу қойып, тәртібін бекіту, қылмыстық құқық бұзушылыққа жол берген басшылардың заң талаптарына сай берілген тәртіптік жауапкершіліктерін қайта қарап, қатаңдатуды ұсынылды.
Кездесу соңында мемлекеттік қызметшілермен, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметшілеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларды күшейту мен комплаенс қызметін енгізу қажеттігі ескертілді.
19 ақпан 2021 ж. 373 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031