Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет" Қызылорда облысы бойынша департаменті 2020 жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылады

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет" Қызылорда облысы бойынша департаменті 2020 жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылады

  2020 жылғы 21 қаңтар күні «Antikor Ortalygy» сервистік орталығында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ерсейтов Ардақ Жайдақұлы департаменттің 2020 жылғы атқарылған жұмыс нәтижиелері бойынша брифинг өткізді.

Брифинг барысында департаментінің басшысы 2020 жылы Департаменттің атқарған жұмыстары нәтижесінде 61 сыбайлас жемқорлық қылмыстары анықталғандығын, олардың негізгі бөлігін парақорлық фактілері, сондай-ақ жымқыру және алаяқтық фактілері құрағандығын айтты. Мысалға: парақорлық бойынша 29 факт, жымқыру және алаяқтық бойынша 10 факт анықталған.
Сонымен қатар, өндірісте барлығы 71 сыбайлас жемқорлық қылмыстық істері анықталса, оның 36 сотқа жолданғандығын,аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залал сомасы 1 млрд-тан астам, оның өндірілгені –1 млрд теңге екендігін атап өтті. 2020 жыл қорытындысымен сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін 11 адам сот үкімімен әртүрлі қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Департаменті басшысы шара соңында қылмыстық-процестік кодексінің 200 бабына сәйкес 61 ұсыныс енгізілгендігін, оның ішінде 55 ұсыныс қаралғандығын назарға ұсынып, нәтижесі бойынша 236 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылғандығын баяндады.
22 қаңтар 2021 ж. 603 0