Forbes Қазақстанның 27 жастағы тумасы туралы жазды
Қазақстанның тумасы Элисар Нұрмағамбетов Forbes Next 1000 америкалық тізіміне енді.
Бұл туралы журналдың Twitter-дегі ресми парақшасында жарияланды.
Кәсіпкердің айтуынша, Forbes Next 1000 америкалық тізіміне кіру оңай болмаған. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
kaz.tengrinews.kz
Бұл туралы журналдың Twitter-дегі ресми парақшасында жарияланды.
27-year-old Kazakhstan native Nurmagambetov teamed up with 66-year-old Amir Sunderji, from Tanzania, in 2019 to create Consilienz, a software system that discovers financial crimes like money laundering and fraud, as well as human trafficking #Next1000 pic.twitter.com/BcOYgiWaTYForbes сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Нұрмағамбетов пен серіктесі құрған жүйе құқыққорғау органдарына, қаржы және мемлекеттік мекемелерге заңсыз транзакцияларды оңай табуға мүмкіндік береді, өйткені Consilienz ауқымды деректер базасы көптеген субъектіні, соның ішінде бақылау тізімдерінен алынған ақпаратты, корпоративтік жазбаларды және басқаны зерттейді.
— Forbes (@Forbes) February 16, 2021"Қазақстанның 27 жастағы тумасы Нұрмағамбетов 2019 жылы Танзаниядан келген 66 жастағы Амир Сандерджимен бірге Consilienz жүйесін құрды. Бұл жүйе ақшаны жымқыру және алаяқтық, сондай-ақ адам саудасы сияқты қаржы қылмыстарын анықтайтын бағдарламалық қамтамасыз ету", - делінген хабарламада.
Кәсіпкердің айтуынша, Forbes Next 1000 америкалық тізіміне кіру оңай болмаған. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Forbes Next 1000 америкалық тізімі. Бұл оңай болған жоқ. Мен көп нәрсені үйренуім керек және бұл тек бастамасы. Осы уақыт ішінде мен "сіз тұрған шайқас - сіздің соңғы шайқасыңыз емес" екенін түсіндім. Қазір жеңген нәрсеңізді қайта-қайта жеңесіз", - деп жазды жас кәсіпкер.
kaz.tengrinews.kz