Еңбек өтілі бар студент
Дуалды білім беру аясында Қазақстандық колледж студенттердің кәсіби тәжірибесі енді еңбек өтілі ретінде есептеледі. Жақын күндері Білім туралы Заңға өзгерістер енгізіліп, онда дуалды оқыту туралы шарт бұдан былай жұмыс өтілін растайтын құжаттар тізбесіне кіретіні айтылды.
Дуалды оқуыту ең алғаш (Алмания) Германияда пайда болып, негізі қаланған жүйе. Оның кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі тәжірибе жүзінде дәлелденген. Оның жарқын мысалдарының бірі - Германиядағы кәсіптік-техникалық білім берудегі даярлаудың дуалдық жүйесі. Мұнда оқушылар уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды. Дуалды жүйемен оқытудың төмендегідей артықшылықтары бар. Біріншіден, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары болады, себебі оқу барысында өндіріспен тығыз байланыста болған оқушы жұмыс берушінің айтқан талаптарын игеріп, меңгерген тәжірибесі бар маман болады. Екіншіден болашақ маман психологиялық жағынан жаңа ортаға бейімделген дайын маман болып шығады. Өндірісте өздігінен шешім қабылдай алады. Өндірісте болғандықтан ұжыммен жұмыс жүргізуге және өндірістегі жұмыстарды алып кетуге қабілетті. Үшіншіден, «тәжірибеден теорияға» принципімен жұмыс жүреді, студент теориялық білімнен гөрі, өндірістегі жағдаяттарға сәйкес жұмыс жүргізеді. Төртіншіден, студент тек теорияны ғана меңгермей, өндірістегі соңғы жаңалықтарды біліп, заманауи құрылғыларды меңгереді.
Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша 535 колледж дуалды білім жүйесіне көшіп, 5 мыңнан астам кәсіпорынмен келісім-шарт жасалған.Дуалды оқытудың нәтижесінде 58 мың 600 студент жұмыс берушінің оң бағасын алып, тұрақты жұмысқа орналасқан. Біздегі дуалды оқыту жүйесінің 60 проценті оқудан және 40 проценті кәсіпорында тәжірибе алудан тұрады. Ал шет елде студенттер 60 процент уақытын кәсіпорында, бар болғаны 40 процент уақытын білім беру мекемесінде өткізеді екен. Дуалды білім беру кезінде студент алдымен колледжде теориялық білім алып, кейін білімін жұмыс орынында практикада қолданатын. Егер студент өзін жақсы көрсетсе, оны ресми түрде жұмысқа алатын еді. Енді биылдан бастап оқу орынын тәмамдаған студентке дипломмен бірге қосымша құжат берілетін болды. Онда еңбек өтіліне қанша күн есептелгені көрсетіледі. Егер іс-тәжірибеден өткен өңдіріс орны жұмысқа алмаса, өзге жұмысқа орналасуға мүмкіндік туады. Бұл жаңашылдық жұмыс берушінің оқу орынын жаңа бітіріп келген жас маманнан жұмыс өтілін талап ету мәселесін шешуге көмектеседі. Түзету енгізілген заң тиімділігін көрсетсе, тек колледж студенттері ғана емес, жоғарғы оқу орнының студенттеріне де осындай мүмкіндік жасалса деген тілек бар.
Рамазан Бектұрғанұлы