Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Музыканың денсаулыққа деген 6 түрлі пайдасы

Музыканың денсаулыққа деген 6 түрлі пайдасы

музыка

Музыканы ғажайып өнер түрі ретінде көретіндер өте көп. Қазіргі кезде музыканың емдік қасиеттері бар екенін де айтады. Stan.kz редакциясы өнердің бұл саласы туралы қызықты деректерді алдарыңызға ұсынады.  

Ғалымдар музыканы тек өнер ретінде емес, біздің санамызға, ағзамызға да әсері бар дүние ретінде қарастырады. Нейробиолог, музыкант және жазушы Дэниел Левитин өзінің "This is your brain on music" ("Музыкадағы сенің миың") атты кітабында музыканы зерттеу мен түсінудің не үшін маңызды екенін айтыпты:
"Бұл өнер түрін біз қаншалықты жақсы түсінсек, өзіміздің ниетімізді, қорқыныштарымызды, тілектеріміз бен естеліктерімізді, тіпті, мінез-құлқымызды да соншалықты жақсы түсінеміз", - дейді ол. 
Музыка адамды ақылды етеді
Музыка мидың түрлі бөліктерінің белсенді қызмет етуіне ықпал етеді,. Әртүрлі әуендер мен ырғақтар әр түрлі эмоцияларды тудыратыны белгілі. Сонымен қатар, музыка ми жарақаттарында оның жұмысын қалпына келтіруге көмек береді.
Әсіресе, бала кезінен белгілі бір аспапта ойнай бастаған музыканттарға музыка одан да көп әсер етеді. Осы тақырыптағы зерттеулердің бірі музыканы оқып үйрену вербалды емес ойлаудың тұрақты дамуына ықпал ететіндігін көрсетті. Гарвард медициналық мектебінің невропатологы Готфрид Шлауг "News in Health" басылымына берген сұхбатында музыканттардың жүйке жүйесі музыкаға қатысы жоқ адамдардың жүйке жүйесінен өзгеше деп тұжырымдайды. Музыкант мидың жарты шарлары арасында көптеген байланыстар болады.
"Музыка шығару кезінде мидың түрлі, соның ішінде визуалды, есту және қозғалтқыш бөліктері белсенділенеді. Сондықтан әуен жазу жүйке ауруларын емдеудің әдісі бола алады", - дейді Шлауг.
Сөзінше, математика бойынша емтиханға дайындық кезінде math metal жанрындағы музыка тыңдау пайдалы. Бұл жағдайда кейбіреулерге авангард немесе атмосфералық black metal жанры да көмектеседі.
Мұңды музыка көңіл-күйді көтереді
Бірақ Frontiers in Psychology журналында жарияланған зерттеу мұңды музыка адамға күткендей әсер етпейтінін көрсетті. Ғалымдар мұндай әуендер эмоциялардың екі түрін тудыратынын анықтады. Әуен сүйер қауым жан тебірентерлік музыканы мұңды деп қабылдағанымен, күйзеліске мүлдем ұшырамаған. Шындығында, адамдар көптеген эмоцияларды бастан кешірген, тіпті романтикалық және қуанышты сезімдерге де орын болған екен.
Музыканың емдік қасиеті бар
Дон Кент "Музыканың адам ағзасына және ақыл-ойына әсері" атты еңбегінде музыканың адам ағзасына әсері туралы қызықты фактілерді келтіреді. Сонымен, Платон мазасыздықты емдеу үшін музыканы қолдануды ұсынған, ал Аристотель бұл өнер түрін тұрақсыз эмоционалды фоннан арылудың құралы деп санаған.
"Музыка көптеген биологиялық процестерге айқын физиологиялық әсерін тигізеді. Ол шаршаудың әсерін азайтады, тамыр соғуын өзгертеді, тыныс алуды біркелкі етеді, қан қысымын тұрақтандырып, сонымен қатар психогалваникалық әсер етеді", - дейді Дон Кент.
Мишель Лефеврдің 2004 жылы шыққан "Дыбыспен ойнау: балалармен тікелей жұмыста музыканы терапевтік мақсатта қолдану" (Playing With Sound: The Therapeutic Use of Music in Direct Work With Children) атты ғылыми жұмысына сүйенсек, жоғары жиіліктегі дыбыстар дүрбелең тудырып, мазасыздықты күшейтуі мүмкін.
Моцарт әсері деп аталатын әуен Сонатаны тыңдау кейбір науқастарда, тіпті комада жүргендерде де эпилепсиялық ұстамалардың белгілерін тудырады.
Музыканың екі жұптың арақатынасына оң әсері бар
Клиникалық психолог пен отбасылық кеңесші Кёртис Леванның бақылауы бойынша музыка екі ғашықтың сезімдерін күшейтеді. Мысалы, уролог Й.Марк Хон музыка мен жыныстық қатынас бір-біріне ұқсас деп санайды: екеуі де күшті эмоционалды әсер тудырады. Музыканың көмегімен қандағы серотонин деңгейін көтеріп, кейбір ауру түрлерінде денсаулықты жақсартуға болады.
Музыка танысқысы келгендерге де көмектесетін көрінеді. Мәселен, зерттеулерге сәйкес, романтикалық ән тыңдаған жалғызбасты әйелдер бейтарап әуен тыңдайтындардан гөрі телефон нөмірін беруге дайын екен.
Музыка дене белсенділігін жоғарылатады
Музыка төзімділікті арттырып, жаттығу кезінде күшті тиімді жұмсауға көмектеседі. Мысалы, "Спортпен шұғылданайық: тиімді жаттығу жасауға арналған музыка психологиясы" (Let’s Get Physical: The Psychology of Effective Workout Music) атты зерттеу тыныштықта велосипедпен серуендеуге қарағанда, музыка тыңдап жүру оттегіні 7%-ға аз жұмсауға мүмкіндік беретінін көрсеткен.
Әндегі минуттық соғу жиілігі белгілі бір шегіне дейін мотивация сыйлай алады. Жиілік шегі минутына 145 соққыны құрайды, одан жылдам әуендер ынталандыруға қабілетсіз. Кейбір жағдайларда ән сөздерінің жылдамдығы әуенді ығыстырады: сондықтан көптеген адамдар ритмді мәтіндермен, мысалы, хип-хоппен музыкалық сүйемелдеуде жұмыс істегенді жөн көреді.
Жуынған кезде ән айтқан пайдалы
Мұны дәрігер Джерри Салиман растайды. Оның айтуынша, дауыстап ән айту денсаулыққа, әсіресе аға буынға пайдалы. Ән айту афазиямен (сөйлеудің толық немесе ішінара жоғалуы) немесе Паркинсон ауруымен ауыратын егде жастағы адамдарда мидың жұмысын жақсарта алады. Сонымен қатар, көптеген қарт адамдар жалғыз тұрғандықтан, артрит сияқты созылмалы аурулардың салдарынан отырықшы өмір салтын жүргізеді. Қарапайым және қол жетімді ойын-сауық олардың әл-ауқатына жағымды әсер етеді. Сонымен қатар, ән айту тыныс алу жүйесін жақсартып, ентігуді азайтуға көмектеседі.


11 ақпан 2021 ж. 358 0